Цой Азиза Бахтияровна
Мекен-жайы:
Тіс дәрігері-терапевт, пародонтолог Цой Азиза Бахтияровна.Алматы қ., Чайковский көш., 15а
Жазылу мына телефон бойынша:
+7 (707) 900-88-20Тәжірибесі:
10 жылДәрігер туралы:
Қабылдау:
ересектер мен балалар
Ересектер мен балаларды қабылдайтын тіс дәрігері, «Рахат» клиникалар желісінің балаларды «Севоран» наркозымен медикаментозды ұйқыда емдеу бойынша жетекші маманы.
Тәжірибесі мен өтілі:
«Рахат» клиникаларында 9 жылдан астам жұмыс істейді. 7 жылдан астам «Севоран» наркозымен емдеу жүргізеді. 17 000-нан астам баланы сәтті емдеді.
Балаларды қабылдау және хирургия:
көп тісжегісі бар балалардың тістерін емдеу бойынша операциялар жүргізеді. Тісжегіні, пульпитті, периодонтитті емдейді, тіс жұлуды, жүгеншік пластикасын орындайды. Балаларды «кілтпен» протездеумен айналысады: алдыңғы тістерге цирконий қаптамаларын, шайнау тістеріне металл қаптамаларын орнату.
Ересектерді қабылдау, пародонтология:
«Рахат» клиникалар желісінің пародонтологы. Қызыл иекті консервативті және хирургиялық емдеумен айналысады. Әдістемелерді меңгерген: жабық және ашық-жабық кюретаж, рецессия пластикасы, тіс рецессияларын жою, тістің клиникалық сауытын ұзарту, тістердің пішінін өзгерту, лифтинг, вектор-терапия («Vector» аппараты) және қызыл иекті лазермен емдеу.
Кеңестер:
балалар мен ересектерге кешенді емдеу жоспарын құра отырып жалпы алғашқы кеңес береді.
Дәрігердің жұмыстары: дейін және кейін
Емдеу қалай өтеді
Қабылдаудан қысқа бейнелер: балаларды медикаментозды ұйқыда емдеу.



