Адана
Қайырлы күн!
ұлым 5 жаста, бұрын тіс емдеуден жағымсыз тәжірибе алған, ұлымда стоматологиядан қатты қорқыныш қалған еді, тіпті иісінен қорқып, емделуден бас тартатын.
Чайковский көш. 15А мекенжайындағы РАХАТ стоматологиясына келдік.
Өте риза болдық, Искенов Даурен Наурызбаевичке алғыс айтамыз! Ұлыма жол тауып, дос болып, байланыс орнатты.
алғашқы күні-ақ терең тісжегісі бар күрделі тісті емдеді, ал екінші күні ұлым оған қайта келіп, соншалықты сеніп кетті, тіпті емдеу кезінде мультфильмге қызығып, жексенбіде тағы келгісі келді.
шын жүректен алғыс айтамын, тек тісін ғана емес, баланың қорқынышын да емдегендеріңіз үшін рахмет, мұндай дәрігерлер мен сервис болса, балаларымыздың болашағы жарқын болатынына сенімдімін! шын жүректен алғыс айтамыз, Әмірәлінің ата-анасы.