"Рахат" стоматологиялық клиникасы туралы

"Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Маған, Рахат стоматологиялық клиникасының бас директоры, осы аталған клиника жөніндегі ұсынысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіз «Рахат» клиникасының қызметін таңдасаңыз алдымен сіздің таңдауыңыз бекерден тумағаны анық. Мен алдымен өз тұрғымнан кепілдеме беремін: Бізден қажетті барлық қызметке біз максималды тұрғыдан және сізге қолжетімді жақтан қажетті барлық шеберлік пен технологияны ұсынамыз."


"Рахат" стоматологиялық клиникасы жүйесінің бас директоры М.К. Төлемісов

Генеральный директор стоматологических клиник Рахат Толемисов М.К.

БІЗДІҢ ҰРАНЫМЫЗ – ЕМДЕЛУШІНІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫ

Бұл сөздер «Рахат» стоматологиялық клиникасының шындық сөзіне айналған. Ол клиниканы күнделікті жетілуі мен дамуындағы іскерліктер арқылы танылған.Біздің ең алғашқы стоматологиялық клиникамыз 1993 жылы дәрігер М.К. Төлемісов

мырзаның бастамасымен құрылды. Бұл бастамаға осыған дейін жинақталған барлық медициналық мүмкіндіктер жинақталды. Сонымен қатар алғашқы философиялық ой-пікірлер мен талаптар негізделді. Тіпті, клиниканың аталымы да жайдан жай аталмаған болатын. «Рахат» сөзі қазақ тілінде «рахат алу, рахаттану» деген мағынаны білдіреді, міне біздің емделушілеріміз  шын мәніндегі рахатқа жету үшін барлық күш пен қайрат, тәжірибе мен әдіс-тәсілдер клиниканың жанданып, жетіліп, дамып өрге басуына жұмсалды. Бүгінгі күні «Рахат» клиникасының құрамында сегіз стоматологиялық емдеу орталықтары мен үш қазіргі көп профилді медициналық орталық әлемдік денсаулық сақтаудың барлық  талаптарына сәйкес жұмыс атқаруда.Біздің бәсекелеске қабілетті жұптастарымыз ол Израильдің атақты Carmel жеке клиникасы мен Швейцарияның  Genolier жеке клиникалары.  

Біз аталған клиникалармен бірлесе отырып емделушілерімізге қызмет көрсету мен емдеудің сапалығын көтеруді жетілдірудеміз. Бұл біздің стоматология сондай-ақ жалпы медицина саласындағы тынымсыз ізденістеріміз бен дамуымыздың белгісін көрсетеді.  

Тіпті ауыз-қуысының оның ішінде тістердің саулығы ол жалпы ағзаның саулығына байланысты. «Рахат» клиникасының жетекшілері осындай көппрофилді клиниканың ашылуына негіз болды. Ең басты идея ол емделушіге ағызаның кешенді түрде емделуін қамтамасыз ету – ол тістерді емдеу арқылы бүткіл ағызаның емделуіне жол ашу. Біз Сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасаймыз!

Біздің миссия

1. Емделушіге жоғары қызмет деңгейін ұсыну:

  • Клиникаға дейінгі кезеңде бізбен қарым-қатынас жасау;
  • Клиникаға келгенде;
  • Емдеуден кейін;
  • Біздің имиджіміз
2. Біздің мақсатымыз біздегі әрбір емделуші, тіпті, ең құрығанда бір рет қана келген емделушінің көзі мыналарға жетсе:
  • Қазіргі заманға сай;
  • Іскерлігіміз бар;
  • Жоғары біліктіміз;
  • Жан жылуымыз бар;
  • Шынайымыз;
3. Біздің динамикалық түрде дамуымызды емделушілеріміз көріп-білсе:
  • Әрдайым жаңа технологияға қолжеткізіп ендіру;
  • Емдеу мен қызмет көрсетудің жоғары сапасын көтеру;
  • Емделуші сұранысын қанағаттандыру үшін жаңа тәсілдерді табу;
  • Жаңа заманауи стоматологиялық орталықтарды жасау;

Сіздер үшін біздің клиникамыз қызмет көрсетудің келесі түрлерін ұсынамыз:

1. Анти-стресс емдеу бағдарламасы (тістерді дәрігер анестезиологтың қатысуымен және реанимация бөлімімен наркоз беріп, барлық қауіпсіздік шараларымен емдеу мен бақылау жасау); Тіс қызылиегін емдеу; Балалар мен үлкендер стоматологиясы;

2. Протездеу:

  • Алдыңғы және бүйір жақтағы тістерді қосымшалармен, винирлермен, люминирлермен эстетикалық тұрғыдан қайта қалпына келтіру;
  • Тіс түбірлерін бір-екі тіс болса, қаптамалармен, көпіртектес протездермен немесе металды емес керамикалармен, фторлы ішкі толтырмалы металды каркастармен бүлінген тістерді қалпына келтіреміз;
  • Тіс кетіктері болса да протездеу арқылы шайнауды қалпына келтіру;
  • Тістердің толықтай түсуінде немесе тіс эмалі сырылып қалғанда толықтай протездеу;
  • Имплантаттарға протезді отырғызу;
  • Тістердің имплантациясы;
  • Хирургиялық стоматология;
3. Профилактика:
  • Ауыз-қуысына толықтай кәсіби гигиеналық іс-шара жүргізу;
  • Фиссурдың герметизациясын жасау (тіс шірігін болдырмаудың алдын-ала жүргізілетін іс-шарасы)

4. Рентгендік диагностика:

  • Рентген түсірілімі;
  • Панорамалық түсірілім;
  • 3D компьютерлік  тамографиясы;
4. Ауыз-қуысына толықтай кәсіби гигеналық іс-шара жүргізу.

5. Тістерді ағарту.

6. Тістердің имплантациясы.

7. Фиссурлардың герметизациясы.

8. 3D компьютерлік томографиясы.

9. «Рахат» көппрофилді клиникасында ағызаны түгелдей емдеу.

10. Дәрігер-стоматологтың кеңесі тегін.

Клиникада емделудің сапасы

Емделуді қамтамасыз етудің негізгі факторлары:

  • Аталған клиника қазіргі заманауи технологиялық жабдықтармен, материалды базамен сондай-ақ диагностика жүргізудің құралдарымен және еш ауырлық түсірмей қауіпсіз ем жүргізу тәсілдерімен байытылып жабдықталған; 
  • Клиника қызметкерлері таңдалып, конкурстық жүйеде іріктелген және алдын ала шетелде білімін көтерген мамандар;
  • Әкімшіліктегілер мен ассисенттер, дәрігерлер қойылған мерзімде  қайта аттестациядан өтеді. Аттестация қорытындысы бойынша қайта тағайындалады не білімін жетілдіруге жолдама алады.
  • Күрделі клиникалық жағдайда түрлі профилді стоматологтар мен терапевт, пародонтолог, хирург, ортопедтермен консилиум жүргізіледі.
  • Күрделі емдеу жүргізілген соң емделуші міндетті түрде қайта тексеру бақылауына келеді.

Кепілділік жөнінде

Өз тәжірибеміз бойынша әр емделуші әрдайым кепілділік жөнінде ақпарат беруді қалайды:

Жұмыстың қай кезеңінде тегін кеңесті, жұмыстарды алуға болады, олардың қаншалығын қалай қолдануға болады;

Белгілі бір кезеңге дейін берілетін кепілдік үшін қандай іс-шаралар қолға алынған. Алдын ала түсінік берейік: біздің клиника дәрігерлері орта көрсеткіштегі кепілділік беруден бас тартқан, емделушінің жекелей жағдайы мен орындалатын қызмет көлемі есепсіз болмауы керек.

Клиникада ақиқатшылдықпен шыншылдықпен, көз жеткізу арқылы кепілділік принципі анықталады.

Әрбір емделушіге, әрбір орындалар қызметтің түрін дәрігер анықтап береді:

Тіс технигінің қызметін барлық кезеңде ортопед бақылайды;

Тістерді ағарту, гигеникалық тазарту, тіс арналарын емдеу, тістелуін қалпына келтіру, хирургиялық араласуда (имплантация отасында), медициналық канонмен келісімде кепілділік мерзімі анықталмайды. 

Емделу барысында мерзімді нақтылау мен емделудің сәтті өтуінде дәрігер емделушіге ем жағдайында түсіндіреді: жалпы денсаулықты сақтау, клиникалық күрделілікті, ауыз-қуысының өзіндік ерекшелігін, емделу кезінде жоспар бойынша орындалған жұмыс көлемін, қолданылған материалдың беріктігі мен осал тұстарын, емделушінің жас ерекшелгін, кәсіби әрекеттегі зиянды белгілерді, зиянды дағдылар түсіндіріп береді.

Әрбір емделушіге дәрігер өз тұрғысынан емделу нәтижесін қалай сақтау керек, қандай жағдайлар туғанда қалай әрекет ету керектігін түсіндіріп өз денсаулығын қалай сақтау мүмкіндіктеріне толықтай жауап беріп, кеңес ұсынады.

Осындай кезде әрбір емделуші алдымен емдеу барысында:

  • Стоматологиялық емдеу шарасы кезінде барлық технологиялық талаптарды орындауы шарт;
  • Сертификатталған материалдар мен тәсілдерді қолдану
  • Анестетикалық және емдеу дәрімектерін таңдауда емделушінің жекелей ерекшелігін есепке алу.


Қызмет көрсетудің сапасы

Клиникада емделушілерге психологиялық  және ақпараттық тұрғыдан  жәрдемдесу жүйесі қызмет атқарады.

  • Бүкіл ақпараттық нұсқаны әкімшліктер телефонмен түгелдей хабар жасайды: қызмет түрлерінің тізімін, мамандар мен технологиялық бірліктерді, жеке қызметтің құнын, бағаның талаптары мен кепілділігін анықтап береді;
  • Емделушінің қалауы бойынша біз алдын ала дәрігерге қаралу күні мен уақытын қойып хабарлаймыз, қайта тексеруді бақылау, тістерді кәсіби тұрғыдан тазарту.
  • Емделушінің келісімін алған соң, біз сауалдар арқылы емдеуді қалай қамтамасыз ету және емделудің нәтижесі жөнінде хабарласамыз.

Емделу аяқталған соң екі апта өтісімен Сізге қайта қызмет көрсету қызметкері телефон шалып емнің қалай өткендігі жайында сұрап, одан соң: Сіздің мәселеңіз қаншалықты сәтті шыққаны жөнінде және дәрігер мен ассистент емдеу кезеңінде сізге қалай қызмет көрсетті, Сізбен емдеу жоспары мен құны келісілді ме; Сізге дәрігер тарапынан стоматологиялық болжау мен кепілділік жөнінде пікірлер айтылды ма?

Емделушінің ұсынысы мен тілегі не қойған шарты не ескерпелерінің бір де бірі ескерусіз қалмайды. Мен бас дәрігер ретінде тәртіпті өз тарапымнан қадағалаймын.  


Құрметпен Сізге,

«Рахат» стоматологиялық жүйесі клиникасының бас директоры 

Махан Кенжеғазиұлы Төлемісов