Рахат стоматологиялық клиникасының сапа кепілділігі

Біздің сертификаттар

«Рахат стоматологиялық клиникасы» ЖШС 

«КЛИНИКАДА ҰСЫНЫЛАТЫН КЕПІЛДЕМЕ» (ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН) ЕРЕЖЕСІ 

Біздің стоматологиялық клиникамыз қатаң түрде:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес қаулысын;
  • Әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріндегідей қазіргі медициналық этика нормаларын негізге алады.

Кепілділік (фр. garantit) – қолұшын беру, шарт, қамтамасыз ету. Медицинадағы кепілдік, соның ішінде стоматологиядағы кепілділік екі топқа бөлінеді:

  • Шартсыз, немесе міндетті;
  • Жеткізілген нәтижені сақтау емделу шарттарының жағдайларын есепке алып анықталып, болжам жасалатын; 

Шартсыз кепілділік деген не?

Стоматологияда емделушілерге әрдайым шартсыз кепілділік беріледі, ешқандай шартсыз міндетті тәртіп ретінде медициналық канон және медициналық мекеме мен дәрігер талаптары тұрғысынан беріледі.

Қандай жағдайда болсын біздің емделушілерге міндетті түрде барлық стоматологиялық көмек көрсету кезінде келесідей кепілдік беріледі:
  • толықтай, расталған қолжетімді түрдегі емделушінің денсаулығының ахуалы жөнінде ақпарат беріледі (олардың құқықтары мен қалауларын ескере отырып өз еркілеріне сай мәліметтер беріледі).
  • кеңес пен консилиум өткізу;
  • аталған медициналық көмек түрін көрсетуді негіздейтін құқығы мен сертификатты бар мамандармен емдеулерді іске астыру; 
  • cтоматологияда диагностика мен профилактика іс-шараларын жетілдіруде барлық мамандықтар бойынша емделушінің жалпы денсаулығының көрсеткіштерін есепке алу;
  • ұсыныс ретінде болатын емдеу жоспарын құру;
  • біздің мекемеде қолданылатын емдеу технологиясы мен әдістерін қолдану;
  • емделушінің жас ерекшелігі мен аллергиялық жағдайына орай одан соң жалпы денсаулық көрсеткішіне қарай емдеу шарасында ауыртулар тудырмау үшін анестетиктерді жекелей таңдауы мен дәрігердің тәжірибесі қарастырылады;
  • емделудің қауіпсіздігі – санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралармен қажетті технологиялармен және материалдармен кешенді түрде қамтамасыз ету болып табылады;
  • диагностикалық дәлдік, бар мүмкіндіктерді кәсіби тұрғыдан дәл жеткізуі маманның деңгейі мен қазіргі диагностикалық құралдардың және қосымша тексерулердің нәтижесі арқылы қол жеткізіледі;
  • емдеу барысында емдеудің технологиясын барынша ұқыптылықпен сақтау ол дәрігердің, тіс техниктері мен ассистенттерінің жоғары кәсіби біліктіліктегі дайындығы мен қатар жұмыс сапасының бақылануына байланысты;
  • ҚР Денсаулық министрлігінің рұқсатындағы, қауіпсіз материалдарды қолдану технологиясын сақтап іске асыру, оның қолдану мерзімін сақтау;
  • күрделі емдеуден кейін немесе қажетсіз жайлар туып кетпеу үшін – қайта тексеру бақылауы жүргізіледі;
  • қайта ақысыз профилактикалық тексеру жиілігі дәрігердің анықтауымен жарты жылда бір реттен кем емес өткізіледі;
  • емдеу нәтижесі мен жалпы процесті динамикалық тұрғыдан бақылау (СтАР ұсынысының келісімі бойынша);
  • созылмалы ауру деңгейінің азаюы мен одан мүлде арылту іс-шаралары процесс кезінде не болмаса емдеуден кейін туады;
  • анықталған аурудың асқынуы мен оның қайта қайталануының тәуекелін анықтау;
  • емдеу сапасы мен эстетикалық нәтижеге жету (отандық стоматологиядағы стандартар есебімен, емделуші тілегі мен нақты жағдайда дәрігер ісімен танылады);

Міндетті кепілділіктің өзіндік ерекшелігі емдеудің сапасы мен оның тұрақты нәтижелерге қолжеткізілуінде.

«Болжамды» кепілділік деген не?

Кепілділікке болжау  ол емдеуде дәрігердің белгілі бір өз ойындағы нәтижеге жетуі. Белгіленген жағдайда өз тәжірибесіндегі аталған жайдың  нәтижелілігі. Дәрігердің емдеу тәсіліндегі технологиялар мен материалдарды тиімді қолдану арқылы жеткізіген сенімді тәсілінің нәтижесі. 

Дәрігер қалай болжамды кепілдіктерді белгілейді?

Стоматологиялық жұмыстарда жүретін материалды нәтиже олар (пломба, винир, тіс қаптамасы, тісті қалпына келтіру, тіс протездері, брекет-жүйесін босатқаннан кейінгі (ортодонтикалық аппарат) болжамды кепілділік ретінде олардың сақталуы 1 жылдық кепілде.

Кепілділік уақыты – ол дәрігердің жойылатын кемшіліктерді тегін қызметте ұсақ кемшіліктерді жоюы болып табылады. Тіпті, емделушінің емдеуден кейінгі  қателігінен емес кішкене кемшіліктеді жою.

Бұл кезең тегін қайта жөндеулер немесе емделушіні қайта емдеу яғни қалып қойған кемшіліктерді жою. Немесе емдеуден кейін жоюға келмейтін кемшіліктер пайда болса пломба түсіп, протез сынса т.б.)

Қызмет уақыты – ол емделушінің уақыт жиілігімен дәрігерге тегін қаралуына келген кезеңі.

Стоматологиялық жұмыстардың жекелей түрлеріне оның ерекшелігіне қарай кепілділіктің уақыты мен қызмет кепілділігінің уақытын қою мүмкін емес:

  • тіс тамыры арналарын пломбылау мен өңдеу;
  • ауыз қуысына кәсіби тұрғыдан гигиеналық тазалау жүргізу;
  • уақытша пломба;
  • ортодонтикалық емнің кейбір түрлері;
  • хирургиялық ота жасау (тамырдың басын резекциялау,тісті алу,тіс имлантатын қою және т.б);
  • қызылиек қабынуы  мен тістің айналасындағы талшықтарды емдеу;
  • тістерді ақтау.

Стоматологиялық жұмыстардың өзіне тән ерекшелігі оның қызмет жарамдылығы кепілдігі мен кепілділікті нақты қою мүмкіндігінің аздығында. Әрбір емдеу жағдайында дәрігер емделушіге емнің сәттілігін пайызбен түсіндіреді.

Осындай жаймен стоматолог дәрігер емдеу барысында оның қаншалықты уақытқа дейінге жарамдылығын шамалап айтып (көбіне пайыз көлемінде нақтылап) түсіндіреді. Ықтимал жайларды да қалыс қалдырмай түсінік береді.

Кепілділік:

  • әрбір нақты жасалған жұмысқа;
  • нақты жағдайды есепке алып оны дәрігер емделушіге айтып береді;
  • емделушінің келісімі бойынша (алдын ала) не болмаса ем соңында анықталады 

Кепілділікті анықтауда дәрігер қандай жағдайларды есепке алады:

Әрбір емделушіге әрбір орындалған жұмыс үшін  болжалды түрде кепілділік қоюда (емнің қаншалықты қай уақытқа дейін жарамдылығын пайызбен) есепке ала отырып жағдайды түсіндіріп кеңес береді. Мысалы кепілділік шегі (егер сондай жағдайлар болып қалса) деп түсіндіреді. 

  1. Емделушінің жасы мен жалпы денсаулығы;
  2. Емдеу жоспарының ұсынысындағы орындалған жұмыс көлемі;
  3. Ауыз қуысындағы клиникалық жағдаяттар (тістелудегі бұзылулар,сілекей құрамы, тістердің сырылып жұқаруы, аурулардың тууы мен әрі қарай өрістеуі т.б.)
  4. Аталған емдегі күрделілік;
  5. Қолданылатын материалдар мен технологияның күштілігі мен нашарлығы және емдеу нұсқасының таңдалуы;
  6. Емдеуден кейін емделушінің кәсіби ерекшелігі ол ем нәтижесінен кейін көрініс береді. 
Клиника дәрігері қандай жағдайда қойылған кепілділікті орындайды.

Клиника дәрігері қойылған болжамды кепілділікті мынадай шартта жүргізеді:

  1. Егер кепілділіктің әрекет ету кезінде емделушінің ішкі ағызасында аурулар пайда болмаса, немесе ағызаның физиологиялық өзгерісі (жүктілік кезі мен түрлі дәрімек қабылдауда ішкі зиянды әрекеттер әсерінен) стоматологиялық емнің нәтижесіне қарсы әркет тудырмаса;
  2. Егер емделуші ауыз қуысының гигенасы мен дәрігер нұсқаулығын сақтаса;
  3. Егер емделуші дәрігер ұсынған тегін қаралуға жиілікпен келсе;
  4. Егер емделу кезінде емделуші басқа клиникада емдемегенін осында да емдемесе; 
  5. Егер шұғыл көмек қажет еткен емделуші басқа клиникадан әкелген амбулаторлық картасының және рентген түсірілімі көшірмесін көрсеткен жағдайда, яғни араласқан ем жүргізудің дәйегі болғанда; 
  6. Егер анықталған кемшіліктер біздің тарапымыздан болса, ондай жағдайда кемшілік біздің клиникада түзетіледі;
  7. Егер оқыс (форс-мажор) жағдайлардағы  (апат, соққы, күйзелістер)көрініс тапса, емдеу нәтижесіне әсері болады;

Дәрігер тарапынан қойылған және емделушінің келісімімен берілген кепілділік әр орындалған жұмыс үшін біртекті түбіртекте, емделушіге беріледі. Түбіртекке дәрігер қолын қояды. Осы құжаттың көшірмесі емделушінің қолымен оның медициналық картасында сақталады. 

Клиникада қандай орта дәрежедегі кепілділік беріледі

Емделушілер кепілділіктің болатынын ескеру үшін біздің клиниканың дәрігерлері ұжымдық түрде анықтап бергендері:

  1. Қалыпты кепілділік мерзімі мен қызметтің жарамды уақыты емделу жағдайында, қай жерде қойылған (1 Қосымшаны қараңыз).
  2. Сәтті емнің орта пайызы бар, бірақ емді белгілі бір уақытқа дейін деп мерзімін дәл қою мүмкін емес. (2 Қосымшаны қараңыз).

Көңіл аударыңыз!!! Біздің нақты жағдайымызда (анықталғын жағдайда ем жүргізу) кепілділік болжамы ол көбірек не аз не «орта» көрсеткіште болуы мүмкін.

Сіздің жағдайыңызға дәрігер кепілділік бере алмайды сондықтан маман аргументті түрде кеңес береді.

Клиникадағы орта кепілділік уақыты (1 қосымшаны қараңыз)

Терапевтік стоматология

Пломба материалы түссіз құрылымнан жасалған:

Кепілдігі барОрташа

Жоғары тіс шайнауындағы шірігі (кариесі)

25

Бүйірдегі кіші және үлкен жоғары тістердің тиіп түйіспелі жерінің шірігі (кариесі)

12

Кариес на контактной поверхности резцов и клыков. Жоғарғы қиюшы және азу тістегі түйіспелі жерінің шірігі (кариесі)

1.52

Жоғарғы қиюшы түйіспелі жерінің шірігі, тістің қапта шетінің бүлінуі; қызылиек аймағындағы тіс шірігі;

12

Жоғары ерін алды тістердің барлық тобын пломбалы материалмен жабу; (тура винирлеу)

12

Әйнекөлшемді цементті пломба (СИЦ) тіс кемшлігінің түріне қарай:

Кепілдігі барОрташа

Жоғары шайнау тістеріндегі тіс шірігі (кариесі)

0.51

Кариес на контактной поверхности малых и больших боковых зубов. Бүйірдегі кіші және үлкен жоғары қатысымдық тістердің шірігі

0.51

Жоғарғы қиюшы және азу түйіспелі жерінің тістегі шірігі (кариесі)

0.51

Жоғарғы қиюшы түйіспелі жерінің шірігі тістің қаптама шетінің бүлінуі;;

1 ай0,6

Қызылиек маңының аймағының тіс шірігі.

0.51

Герметикты салу;

Кепілдігі барОрташа

композиттерден

0.51

Бүйірдегі кіші және үлкен жоғары тістердің түйіспелі жерінің шірігі (кариесі)

2-

Әйнекөлшемді цементтен (СИЦ)

3 ай5 ай

компомерден

12
Ортопедиялық стоматология

Қосымша қалаулар:

Кепілдігі барОрташа

металдыемес материалдардан

25

металдан

26

құрылымды материалдардан

15

Винирлер:

Кепілдігі барОрташа

Винирлер

15

Тістің жасанды қаптары:

Кепілдігі барОрташа

пластмассадан (уақытша)

--

штампылы тісқаптары

14

тұтастай құйылмалы

37

металкерамикалық

37

цирконийлі

37

Tescera

25

пластмассалы

11,5

Көпіртектес протездер:

Кепілдігі барОрташа

металкерамикалық

37

цирконийлі

37

тұтастай құйылмалы

37

Бюгелді протездер:

Кепілдігі барОрташа

ішінара жасалатын пластикалық протездер

14

толық алмалы-салмалы протездер

14
Ортодонтия

Брекет-жүйесін алған соң ретенционды аппараттар:

Кепілдігі барОрташа

Каппа OSAMU

1018

Алынбайтын ретейнерлер

1224

Дерихсвайлер аппараты

1224

Ауыздан тыс пайдаланатын аппараттар

812

Алынбалы протез

612

Бір жақты алынбалы аппарат

1012

Екі жақты алынбалы аппарат

1520

Вестибулярлы табақша

Біздің клиникадағы ем сәттілігінің орта пайызы (1 қосымшаны қараңыз)

Тамыр арналарын өңдеу мен пломба жасау.

  • Біздің клиникамыздың тәжірибесі көрсеткеніндей тіс арналарын емдеген жағдайларда көңілге қонымды нәтиже 90% құрайды.
  • Әрбір нақты жағдайда ем нәтижесі оның сапасынан ғана емес алдымен Сіздің ағзаңыздың реакциясы мен тістеріңіздің күйлерінен де байланысты болады.

Имплантанттарды қою

  • Біз имплантаттардың толықтай сіңірілуін 97% жағдайына кепілділік береміз (біздің клиника арқылы қойылған имплантаттар 5 жылдан әрі қарай да жарамдылығын көрсетуде).
  • Егер ота жасалғаннан кейін (протездеуге дейін) имплантаттар қондырым тойтарса, онда қайтадан имплантат қойылады. Егер физиологиялық көрсеткішпен қондырым тойтарса, онда 50% құнымен қайтады.

Біз сондай-ақ емделушіге барлық жағдайда кепілділік бере аламыз:

  • Имплантанттарды қою алдында егер импланттарды қою мүмкіндігіне қайшылықтар туса онда емделушінің жалпы денсаулық жағдайын есепке алып тексереміз;
  • шетелдік алдыңғы қатарлы клиникалардың сертификацияланған титанды имплантанттарын қолдану;
  • имплантанттарды ауыртпай қондыру;
  • имплантанттардың сіңірілу процесін дәрігерлік бақылау;

Тістерді алу (жұлу)

Біз тісті жұлуда келесідей кепілділік береміз:

  • ауртуларсыз (кәдімгідей);
  • сәйкес хирургиялық араласумен

Сонымен қатар ота жасалғаннан кейінгі кезеңде қабыну мүмкіндіктерінен тегін арылтамыз:

  • қабыну;
  • қан кету;
  • ісік;
  • қақсап ауру.

Пародонт аурулары (қызылиек пен тіс айналасының ұлпаларының қабынуы)

Жағдайлардың 80% кепілділігін береміз. (дәрігердің анықтап берген шартын сақтағанда):

  • гингивитті емдеп шығару;
  • тіс айналасындағы ұлпалардың ауруларының дамуын тоқтату;
  • тістердің ұзақ уақытқа сақталуын.