Тістердің импланттары, Алматы, Астана, стоматология

Тістердің импланттары

Алматы қаласындағы тіс имплантары кеңесі мен бағасы.


Тіс имплантары жойылған тістердің орнын ауыстырады немесе тіс протезін ауыз-қуысында сенімді түрде ұстап тұрады. Имплантат ол тіс тамырының қызметін атқаруды мойнына алады, сондықтан ол тіс протезінің негізі болып шығады. 


Тіс имплантаты деген не?

Титаннан жасалған тіс тамыры. Тіс  имплантаты – бұл кішкентай бұранда (винт). Титаннан жасалған сондықтан ол жақсы бекітіледі. Ағза оны өзінің өзіндік материалы ретінде қабылдайды. Сәйкессіздік мүлде болмайды, бір жағдайда болмаса.


Ұзақ нәтижеге қысқа ота жасау

Тіс тамырының функциясын өзіне алу үшін, тіс  имплантаты жақ сүйегінің үстіне қысқа ота жасау арқылы қондырылады. Ол клиникада жергілікті анестезия жасау арқылы өтеді.

Содан кейін ол ешқандай ауырлықсыз сүйекпен байланыстыралады, осылай сенімді әрі ұзаққа шыдас беретін  және қатты бекітілген жасанды тіс (коронка) пайда болады.


Басынан басталатын эстетика

Жағдайға байланысты болса, тіс қаптамасын бірден импланттан кейін- ақ қоюға болады. Дегенмен ең маңыздысы оның ұзақ нәтижесі үшін әрбір импланттық емдеуден кейін стоматологтың ұйғарымымен және клиникалық жағдайын ұқыпты бағалай келіп шешім қабылданады. 

Егер дереу тіс қойылмаса онда уақытша эстетикалық тіс тұрақтысы қойылғанша орналастырыла тұрады.


Тіс имплантатының артықшылықтары неде?

Жоғары талаппен орындалар іс тартылымдықпен шешіледі. Имплантатқа бекітілген тістер бүлініп жойылып кеткендердің орнын басады, әрі тіс байланыстарына үйлесімді тиянақты бекиді. Олар табиғи тістер сияқты болып, тіс функциясын атқарады әрі  жасандыларды табиғи тістерден бөліп қараудың өзі қиындық тудырады. Сондай-ақ тіс имплантаттары сау тістердің сақталуына көмек болады. Кәдімгі қарапайым тіректі протездердегідей жаңа тістерді ұстату үшін көршілес тұрған тістерді егеп қажет емес.


Сондай-ақ тіс имплантаттары сау тістердің сақталуына көмек болады

Кәдімгі қарапайым тіректі протездердегідей жаңа тістерді ұстату үшін  көршілес тұрған тістерді егеп қажет емес.


Сүйек массасын жоғалтпай сақтау үшін тиімді қорғаныс

Тіс тамырларының табиғаты сияқты имплантаттар жақ сүйегіне қозғалыстың күшін береді. Ол шайнау кезінде қатты көрінеді, тірі тістердегідей сүйектің табиғи қалпын сақтайды. Егер бұл қарқын болмаса, онда жақ сүйегінің көлемі бірден қысқарар еді.

Имплантаттағы жаңа тіс сенімді түрде бекітіледі. Қарапайым тіс протезіндегі ыңғайсыздықтарға емделуші ұрына бермейді. Нашар қондырылу ауырлылық қысымының нүктелерге берілуі сияқты ыңғайсыздықтар бола бермейді. Сонымен қатар таңдай тіс протезінің материалымен жабылмайды. Яғни табиғи дәмді сезіну мен ішкен астан қанағат аласыз.


Қай уақытта тіс имплантатын пайдалана аласыз?

  • Тіс аурулары тістеріңізді жоғалтуға әкелген кезде.  

Тіс тамырлары мен қызыл иек әбден қабынып, тіс шірігі немесе басқадай аурулар тістердің бүлініп жоғалуына соқтырады.Осындай жағдайда сіздің табиғи тістеріңіздің баламасы ретінде,  әрі  түсіп қалған тістеріңіздің орнына  тіс имплантаттары қажет етіледі. 

  • Байқаусызда бүлініп қалған тістерңізден соң тіс араларында кетік пайда болады. 

Тіс имплантаттары осындай кемшіліктердің орнын толтырып, тіс қызметін орындаумен қатар табиғи рең береді. Жекелеген жағдайларда аяқ астынан болған жағдаяттарда тіс аясы талшықтарының бұзылу дәрежесіне қарай тіс имплантаттары қондырылады.

  • Егер тіс туғаннан бері болмаса.

Егер тістер жетілмесе, не болмаса кемтар болса, тіс имплантаттары тіс протездеріне толықтай сенімді тірек бола алады.


Тіс имплантаттары кімге лайықты?

Тіс имплантаттары  жақ сүйегінің өсуі тоқталғанда пайдалануға болады. Тіс имплантаттарын қолданудың бір-екі қарсылық белгісін емдеуші стоматолог дәрігер басынан-ақ келгеннен бастап емдеудің ретіннен кеңес береді.  


Ойдағыдай табысты емделудің шарттары

Тиянақты имплантацияны орнатудың негізгі шарттары – жалпы денсаулықтың жақсы жағдайы, ауыз-қуысының таза гигиенасы мен оған сай талшық көлемі мен сапасы болғаны дұрыс. Егер жақ сүйегінің көлемі тіс имплантаты үшін жетімсіз болса, онда тиянақты имплантацияны орнату үшін сүйекті өсірудің түрлі тәсілдері бар.


Қандай да болмасын жекелей жағдайда тіс имплантаты дұрыс шешім бе?

Оны тек емдеуші тіс дәрігерінің нақты зерттеуі мен тексеріс диагностикасы анықтайды. Егер барлық медициналық талаптар сақталып, ұзақ шыдасты нәтиже мен қол жеткізілген жетістіктер мен қоса емдеудің ұқыпты жоспарлары 


Тіс имплантаттары қауіпсіз бе?

50 жылдан артық тәуелсіз тынбай зерттелулерден бері, тіпті, 1960 жылдардағы талқыланулардан бастап тіс имплантаттарын  қолдануды зерделеуде 10 000 астам ғылыми зерттеу жүргізілген.  

Зерттеулер 15 жыл тіпті одан да көп жылдардан кейінгі  нәтижелердің де бағасын берді.  Олар жоғары көрсеткішке ие болды. 96% астамы көндігіп кеткені байқалды. 


Ұзақ мерзімдік нәтижеге жетудің күтімі

Табиғи тістер сияқты имплантаттар стоматолог дәрігерге тиянақты түрде қаралуды талап етеді. Және ауыз-қуысының  ұқыпты гигиенасы орындалуы керек. 


Имплантатты тірегімен орналастырудың бағасы қанша? 

Оның бағасы протездеу варианты сияқты түрліше. Шығын ол имплантаттардың санына, протездеудің түріне, сондай-ақ тіс-техникасы лабораториясының жұмыс көлеміне де байланысты болады. Қосымша шығын имплантация жасау үшін қажеттіліктен тіс талшығын өсіруге жұмсалуы мүмкін.


Тіс имплантаттарын қолдану аясы

Әр жағдаят үшін дұрыс шешім қабылдау.

  • Ауыз –қуысының алдыңғы немесе артқы жағында бір тіс тамырымен болмағанда, 
Онда керамикалық қаптамасы бар тіс имплантаты тіс кетігін толтырудың эстетикалық тәсілі болып саналады. Имплантат ол тіс тамырының қызметін атқаруды мойнына алады, сондықтан ол тіс протезінің негізі болып шығады. 

Бұл табиғи қарқын жақ сүйегінің өміршеңдігін сақтап, сынудан құтқарады. Қойылған тістер импланттарға тірек болуымен қатар адамның табиғи тістері сияқты көрінеді. Имплантат, тіс қабы мен қызыл иек үйлесім тауып бір құрылым болып қызмет атқарады. 

  • Екі не одан да көп тіс болмағанда:

Қойылған тістер импланттарға тірек болуымен қатар функционалдық және эстетикалық тұрғыдан да нәтижеге ие болып, беріктік танытады. Кәдімгі қарапайым тіректі протездердегідей жаңа тістерді ұстату үшін  көршілес тұрған тістерді егеп қажет емес. Сүйек массасын жоғалтпай сақтау үшін тиімді қорғаныс.

Осындай жағдайда сіздің табиғи тістеріңіздің баламасы ретінде, әрі түсіп қалған тістеріңіздің орнына  тіс имплантатары қажет етіледі. 

Әр жағдаятқа сай  имплантаттарды қолдану жеклей анықталады. Эстетикалық талап тұрғысынан имплантаттарда бекіген протездер көп жағдайда ең үздік балама,әрі олар қызыл иекке тоғытылып әбден орналасады. Стоматологтың ең бір міндеті емделушіге клиника жағдайында емделудегі артықшылықтар мен кемшіліктерді, түрлі тәсілдерді одан соң жеке жағдайына көңіл бөлулерді алға тартудан  тұрады.  

  • Төменгі және жоғары жақтарда түгелдей тістер болмаса

Бір нұсқа – тіс имплантаттары салмалы протездерді ұстауды да қамтамасыз етеді. 

Күнделікті жағдайда тіс протезі ауыз-қуысында мықтап тұрады, тек тазалап шаю үшін ғана ауыздан босатылып алынады.

Басқа бір нұсқа – біраз тістер бұрандалы винтпен имплантаттарға бекітілсе, онда эстеткалық нәтиже максимальды түрде құрылғаны.


Тіс имплантаттарының емдеудің бірізділігі

  • Жоспарлау
  • Ауыз-қуысындағы  тістер мен жақтар түгелдей тексеріледі.
  • Сіздің жалпы денсаулығыңыздың бағасы іс –жүзіне асырылады. Барлық созылмалы аурулар анықталады.  

Міндетті түрде рентген түсірілімі орындалады,өйткені отаны дәл жасау жоспарланып : сүйек талшықтарының саны бағаланады, олар импланттарды орналастыруға жетімді ме, әрі имплантаттардың орналасу нақтылығы айқындалады. 

Тұрақты тіс протезінде  имплантаттың мықтап бекуін қамтамасыз ету үшін алдымен жақ сүйегінің қалыңдығы мен енінің есебі мен жеткіліктілігі есепке алынады. Егер зерделеу  алдын ала емдеуде сүйек саны жетімсіздікті көрсетсе, онда сүйекті өсірудің түрліше әдістерін қарастыру керек. Көп жағдайларда сүйекті өсіру мен имплантаттарды қою бірлестіріліп жүргізіледі. Мұндай жағдайда бірнеше ота жасау болмайды.

  • Имплантатты қондыру

Алдын ала жүргізілген зерттеулер мен дианостикалық тексерулерді салыстырсақ ,  имплантация орнықтыру өте аз уақытты алады. Бір имплантатты қондыру жарты сағат уақытқа созылады. Ал ота жасау бірсыпыра уақытты алады және отаның күрделілігіне байланысты сонымен қатар қондырылатын имплантаттардың санына да байланысты болады.

Тіс имплантаттары стоматолог кабинетінде белгілі бір аймаққа анестезия жасау арқылы не болмаса жалпы наркоз беру арқылы қондырылады.

Имплантаттарды қою үшін алдымен жақ сүйегіндегі бір кішкентай жерді ашып қою керек. Одан соң бірнеше рет нақты құралмен имплантаттың орны белгілі бір тереңдікте қалаулы енімен дайындалады.Осыдан кейін ғана иплантатты сүйекке бұрауға болады.

  • Имплантат қондырылған соң ғана қызыл иек тігіледі.

Компьютерлік  томографияның дамуына байланысты зертеудің өте жаңа әдісі алға тартылды. Егер рентген қажетті нәтижені бермесе, онда сүйек талшығындағы жағдай  компьютерлік  томография арқылы анықталады.

Томография арқылы түсірілген түсірілімдердің үлкен артықшылықтары бар: осы түсірілім арқылы сүйектің биіктігі мен ені өлшенеді; үш түрлі жақ өлшемі имплантаттарды дәл қоюға жол ашады. Дегенмен де көп жағдайларда томография қажет етіле бермейді. 

  • Жазылуы

Жаңа тіс үшін тұрақты платформаны қамтамасыз ету  және оның ұзақтығын сақтау үшін имплантат сүйекке мықты байлануы керек.

Жетілу кезеңі 6-8 аптаға созылады (сүйек сапасы мен оның клиникалық жағдайына байланысты).  Көбіне ауыру туғызбайды сондықтан  арыз да бола бермейді. Алдын ала дұрыс дайындық жүргізгендіктен орындауда тәуекелшілділік аз болады. Ақыл тісті жұлып алып тастағаннан гөрі имплантациядан соң ауыртулар бола бермейді. 

Тиянақты түрде  ауыз-қуысының гигенасын ұқыпты сақтаса, әрі қарай имлантация орны тезірек жетіліп кетеді. Егер стоматолог берген нұсқаумен емделуші шартарды орындаса, онда ешқандай қиындықсыз жетіліп кетеді.

  • Уақытша эстетикалық тіс протезі

Жетілу мерзімінде тіс араларына уақытша тіс протезі қойылады, ол тұрақты тіс протезі салынып болғанша қойылып отырады. 

Зерттеу жүргізілгеннен кейінгі уақыттарда кей жағдайда тұрақты біржола протезді имплантаттар мен бір уақытта қондыруға да болады. .

  • Тұрақты біржола қойылған тіс протезі

Толықтай жетілуге қол жеткізілгенде имплантаттарға тіс қаптары орналсытырылады немесе тіс техникасы лабораториясында көпіртектес протездер жеке емделушінің өзіне арнап  жасалып даярланады. Олар цементке желімделеді немесе имплантатқа бұралып бекітіледі. Осы екі нұсқа да дәлелденген мықты бекітулерді тек стоматолог маман ғана оны ауыз-қуысынан босатып ала алады. Протездеу кезінде стоматолог пен тістехнигі бірімен бірі өте тығыз айланыста жұмыс жасайды. Егер емделуші аузына салған асын қайта тісітеп шайнап тамақтанса, сонымен қатар еркін сөйлеп, аузын ашып күлсе, имплантат көмегімен емдеудің аяқталғаны деп есептелінеді. Имплантатқа сүйеніп жасалған тістер эстетикалық талапқа сәйкес болу қажет әрі табиғи болып көрінгені дұрыс.  

  • Күтім

Ауыз қуысының ұқыпты гигенасы жаңа тістер мен имплантаттардың сақталуына  өте маңызды.

Жүйелі түрде тістегі тастар мен тұттарды сапалы тазалап күтсе, онда қол жеткізілген нәтиже ұзаққа баратыны сөзссіз. 

Үй жағдайында тіс күтімін жүргізумен қатар, стоматологта имплантаттарды арнайы профилактикадан өткізу қажет.



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Осы беттегі ақпарат тіс имплантаттары жөніндегі  базалық білімді ұсынады. Бұл  құзіретті стоматологтың  кәсіби кеңесін ауыстыра алмайды. Сондықтан тіс имплантаттары стоматологиясы аясында жұмыс атқаратын стоматологтармен байланысыңыз да Сізге  имплантациялық шешім жасау қажетті ме дегенді анықтаңыз. 



Дәстүрлі әдіс

Жетпей тұрған тістерді баламалы имплантаттармен ауыстыру оларды тіс протездеріне біржолата бекіту   классикалық әдісі болып саналады. Ал кесілген тістер мен алмалы-салмалы протездерге яғни кламерлермен ұстатып қоюдағы шешімде жетіспеушіліктер баршылық.  

Имплантатсыз көпір тектес бекітілген протездер

Көпіртектес протездер жақтың қозғалып шайналуына жағдай жасап тістердің толықтай ретін жасап бүтіндей қалпына келтіреді.

Осындай көпіртектесті орнату үшін көршілес тұрған тістерді мүмкіндігінше кесіп егеу керек. Өйткені жаңа көпіртектес протез сенімді бектіліп немесе тіс цементіне желімделуі тиіс.

Бұл дәстүрлі әдістің артықшылықтары мен қоса кемшіліктері де бар: 

Артықшылықтары

  •  Ота жасауға қажеттілік тудырмайды.

Кемшіліктері

  • Қатар тұрған сау тістерді егесе , бұдан табиғи тіс зардап шегеді. 
  • Егелген тіс бекерден біршама кінараттан зардапқа ұшырап жойылуы мүмкін.
  • Егелу кезіндегі жоғары қысым алған көршілес тіс шайналу кезінде күні жетпей жойылып кетуі мүмкін. 
  • Тіс шірігі (кариес) осы егелген көпіртектес протезді ұстап тұрған тістен басталып кетуі мүмкін. 
  • Сүйектің семуі тіректердің арасындағы беріктіктің жоғалуынан басталады.


Имплантатсыз толық емес салмалы тіс протездері

Тістер арасындағы үлкен кетіктер салмалы протездермен толықтырылады. 

Ал тіс протезі табиғи тіске бекітіліп баулық арқылы байланып ол кламмерлермен құрсауланады.

Артықшылықтары

  • Бастапқы кезде бағасы арзан
  • Ота жасау қажетті болмайды

Кемшіліктері

  • Тіс протезі бекітілмеген
  • Сүйектегі жетімсіз стимуляция оны атрофияға әкеліп одан әрі тіс протезінің қалпын бұза бастайды. 
  • Тіс протезінің дұрыс орналаспағанынан  сөйлеу тілі нашарлайды.
  • Эстетикалық талғам тұрғысынан көңіл қанағаттанбайды.
  • Толық емес тіс протезі бұрынғы табиғи тістерге қисынсыз жүктеме жасап бүлінуіне әкеледі.
  • Өзіңе сенімділікпен өмірге деген құштарлық  азайғандай болады.
  • Ауыз қуысындағы гигенада түрлі ыңғайсыздықтар туындайды.
  • Баулық тағылған тістер жетімсіз жүктен бірте-бірте қозғала бастайды кейіннен бүлініп жойылуына соқтыруы мүмкін.



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: