Тістерді алу Алматы Астана

Тістерді алу

Алматы мен Астанда тістерді алу жөнінде  стоматолог кеңесі мен бағасы.


"Шатқаяқтанып тұрған тіс пен нашар кеңесші шөгір, оны түп тамырымен қопару керек"
Ежелгі үнді нақылы


Әлі күнге дейін тісіңізді алдырудан қорқасыз ба? Бұдан бұрын сіздің тісіңізді ескі әдіспен алған көрінеді. Ол кезде шприц пен долотаны және көпке дейін әсер ете қоймаған жергілікті анестезияны қолданған. 

«Рахат» сияқты алдыңғы қатарлы клиника біраз жылдардан бері тістерді экстракциялауда тез әрі ешқандай ауру тудырмай және қабынусыз осы процесті жүргізіп келеді. 


Керемет үйлесімділік: тәжірибелі дәрігерлер мен қазіргі техника

«Рахат» клиникасындағы стоматология жүйесінде  (3D-диагностика, ультразвук, лазер) сияқты заманауи технология мен барлық қажетті жабдықтар тісті алуға арналған. Жалпы наркозбен тістерді алумен қатар стационарда ота жасалғаннан кейінгі күтім,тістердің жұлынғанынан кейінгі физиологиялық емдеу шаралары жолға қойылған. 

3D-томография жабдығының көмегімен тіске нақты диагностика жүргізіледі. Дәрігер көлемді  түсірілген бейне арқылы тіс бейнесін оның орны мен жағдайын таниды. Ультрадыбыс жабдығының көмегімен тісті жұлуда жеңілдік беріліп,тіс маңындағы ауру талшықтардан арылтуға жәрдемдеседі.

Қол жетпейтін тұстардағыны алу үшін қолданылатын осы жабдықты қазіргі жаңа қандауыр деп те атайды. Өйткені тіс қантамырларын, нервтері мен жұмсақ талшықтарын  жараламай әрекет етеді. Егер тіс жұлуда ультрадыбыс жабдығы қолданылса, онда тіс орны  үш есе тез жазылып, жетіліп кетеді. 

Тістерді орнынан алуда лазер қолданылады. Лазер жарып шықпаған тереңде жатқан тістерді алуға, ондағы сілекейдің қансыз болуын, егер қан көрінсе, қантамырларын  күйдіруге көмектеседі. Жұлынған тістің орнын өңдеу мен емдеуде лазер таптырмас құрал.

Маңыз жабдықта емес, ол жабдықпен жұмыс атқартын жоғары білікті стоматологи-хирургта болса керек. Маман – өз біліктілігін шетелдегі орталықтарда жетілдіріп, қолына арнайы сертификат алған дәрігер.

«Рахат» клиникасындағы стоматология жүйесінде барлық жағдай жасалған. Мұнда кәсіби тұрғыдан қандай да болсын күрделі дәрежедегі (сүт тістерінен ақыл тіске дейін) тісті жұлдыру «түс көргендей» жылдам әрі жайлы өтеді. 


Өң мен "түсте" тісті алып тастау

Егер сезімталдығыңыз төменгі сатыда болса, немесе стоматологқа жақындауға  қатты психиологиялық күйзелісте жүрсеңіз Сіз «Рахат» клиникасындағы стоматология жүйесіне келгеніңіз дұрыс. «Антистресс» деп аталатын стоматологиядағы кеңес беріліп, сіз инновациялық технологияны пайдалана аласыз. Седация арқылы емделушіге еуропалық өнімнің дәрімегі салынып, одан соң ол өзін жайлы сезініп, процедура түстегідей тез өтіп кетеді.  

Жалпы наркоздан «Антистресс»-тің айырмашылығы адам рефлекстен айрылмайды, наркотикалық дәрімектің орнын седатив алмастырады.

Сіздің жасыңыз мен аллергиялық бейімділгіңізді, жалпы денсаулығыңызды есепке алатын анестезиолог жансызандыру үшін сізге арналған арнай дәрімекті таңдап алады. Дүние жүзі стоматологтары негіздеген анестикалар ғана   «Рахатта» қолданылады.

2-6  сағатқа дейін сіз ештеңе сезбейсіз, кейбір кішкене болар-болмас ауыртулар анестезия әрекеті аяқталғаннан кейін болуы мүмкін ол көпке бармайды.


Тіс жұлу қалай өтеді?

Оташы сіздің тісіңіздегі күрделілікті қараған соң тіс экстракциясы жөнінде отаның қандай кезеңдермен өтетінін түсіндіреді. Анестезиолог қажетті жансыздандыруды таңдап алып оны шаншады. Қалай анестезия әсер етеді, хирург солай ешқандай жара тудырмай тісті алады. Тісті жұлу аз ғана минутт өтеді.

Осыдан соң стоматолог тіс орнының күтімі жөнінде кеңес беріп, келесі қаралуға қашан келу керектігін айтады.


Тіс жұлынғаннан кейін емделушіге берілетін нұсқалық

 1. Отадан кейін 2 сағатқа дейін :

  • ас қабылдамау керек
  • сұйық ішпеу керек
  • ауыз қуысын шаймау керек
  • түкірмеу керек
  • сілекей ішке кету керек

 2.  отадан кейін 24 сағатқа дейін:

  • ыстық тамақ пен сұйық қабылдамау керек
  • жұмсақ және салқын асты ғана қабылдау керек
  • әр ас қабылдаудан кейін кішкене ванна қою керек, бірақ шаюға болмайды;
  • егер сілекейде қан пайда болса, ол қалыпты жағдай, оны түкірмей ішке жіберу керек;
  • егер қан білінсе, онда стерильді тампонды жұлынған тістің орнына қою керек және оны тістету қажет, одан соң өз стоматологыңызбен хабарласуыңыз қажет;
  • тісті тазалауға болмайды, тек ванночка қоясыз;
  • ыстық ванна қабылдап, моншаға, саунаға баруға болмайды, тек, қана жылы температурада шамалы душ қана қабылдауға рұқсат;
  • спорттық іс-шараларға қатысуға, төмен қарап жұмыс жасауға болмайды;
  • тіс орнын шырпы мен тіс тазалағышпен қопаруға болмайды;
  • дәрігер ұсынған дәрілерді ғана қабылдау керек;
  • 3 тәулікке дейін салмалы протезді қолдануға болмайды;


3. 24 сағат өткенше:

  • қаралу үшін дәрігерге келу;
  • тіс жұлынған соң кішкене аурулар болуы мүмкін , ол қалыпты жағдай, біршама күн өткен соң ол жазылып кетеді;
  • Дәрігер жазып берген дәрілерді міндетті түрде қабылдау керек;
  • отадан кейінгі жағдайлар:

а) мимикалық өзгерістер болуы мүмкін ( ауызды ашқанда кейбір дыбыстардың айтылуында қиындықтар тууы мүмкін);

б) жұлынған тістің орнында болар-болмас ісік талшығы болуы мүмкін;

4. Дәрі-дәрімектермен емделу:

  • Емдеуші дәрігердің тиянақтап жазып берген дәрілерін міндетті түрде қабылдау;
  • Барлық дәрілерді тамақтан соң шамалы сумен қабылдау қажет.

5. Төмендегі жағдайларда сіз емдеуші дәрігеріңізбен телефонмен хабарласып немесе клиникаға келіп қаралғаныңыз жөн:

  • егер қан кету жарты сағат бойына тоқтамаса, тіпті тампоннан да өтіп кетсе; 
  • жоғары температурада;
  • егер жұлынған жерге үлкен ісік пайда болса;
  • ұйықтаған кезде денеңізде қызыл бөрткен пайда болса;
  • тіс отасынан кеін бір апта өткен соң қатты ауырса;
  • жұлынған тістің орнында ірің пайда болса;
  • аузуыңыздан бір бөтен иіс шықса;

Егер тіс емделуге жатпаса онда ол ағзадағы инфекция көзі, сондықтан одан құтылу керек;

Заманауи технология, қазіргі жаңа дәрі-дәрімектер, анестезиолог пен кәсіби жоғары білікті хирургтың жетекшілігімен қауіпсіз, ешқандай ауырлықсыз ауыздағы бүлінген тіс жұлынып алыну керек.

 «Рахат» клиникасындағы стоматология жүйесіне келіп жазылсаңыз жоғарыда санамаланып көрсетілген қызмет сіздің талаптарыңызға жауап береді. Байланыс үшін нөмерді «байланыстар» бетінен табасыз.



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: