Сүт тістерін алу

Сүт тістерін алу

Алматы қаласында сүт тістерін алудың стоматог дәрігер кеңесі мен құны


Алты жас шамасында балалардың сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері өседі. Бұл қалыпты жағдай және бұл өздігінен жүрсе, ешқандай араласусыз онда тіптен жақсы, өйткені бұл шын мәніндегі табиғи процесс. Дегенмен де кейбір жағдаяттарда, уақытша тістерді стоматолог дәрігерде алу қажет болады. 


Сүт тістерді алуды сіз Алматы қаласында біздің клиникада жасата аласыз. 

Сүт тістерін алатын жағдайлар

Кейбір жағдайларда сүт тістерін тез арада уақыт жібермей алу қажетті болады. Осындай жағдаяттарға абсолютті және қатысты араласу талап етіледі. Абсолютті араласуға:

  • сүт тісі көп бүлінгендіктен қайта қалпына келтіруге жарамайды;
  • тұрақты тіс астынан біраздан бері жарып өсіп шыққан,ал сүт тісі әлі орнынан шайқалмайды да;
  • сүт тісін емдеу мүмкін болмаған жағдайда;
  • тіс тамырына ірің пайда болған;
  • кейбір перидонтит пен пульпиттің ауыр жағдайында әсіресе, осы кезеңде сүт тістерінің қабынуы тұрақты тістердің шығуына кедергі болады;
  • қызылиекте құрт жеген саңылау пайда болғанда;
  • уақытша тіс тамырларының солуы кешеуілдеп жүріп, ол тұрақты тістердің жарып шығуына кедергі келтірсе;


Абсолютті көрсеткіштерден басқа салыстырмалы  көрсеткіштер де сүт тістерін тезірек алу мүмкіндігін тудырады. Оның ең көп таралған түрі егер сүт тіс қатты босап, шайқалып өздігінен түспей, ауыз-қуысында қатты ыңғайсыздық тудырса оны алу қажеттігі туады. Ол осыдан қызылиекте қабынулардың туына себепкер болады, ол балаға ауыртулар әкеліп, тамақтануына үлкен кедергі болады.

Қатыстық түрлеріне бұдан басқа сүт тістерінде саңылау мен сынықтардың пайда болып, олар созылмалы пульпит пен пародонтитке соқтыруы мүмкін. Сондықтан ол сүт тістерін алуға әкеледі. Бұл жағдайда сүт тістері өздігінен түсіп қалады деп сеніп қажеті жоқ. Ең жақсысы бірден стоматолог көмегіне жүгіну керек. 

Сүт тістерін сапалы түрде алуды Алматы және Астана қалаларындағы біздің клиниканың жүйелері сәтті орындайды. 


Сүт тістерін алу процедурасының ерекшеліктері

Балалардың сүт тістерін алудағы стоматолог кеңесі мен төлемақы бағасы.


Бұл аталған процедураға біліктілік пен қауіпсіздік қажет етіледі. Ол әрине сүт тістерінің ішкі құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты болады. Мұндай тістердің альвеолярлық қабырғалары жұқа келеді, әрі өте жіңішке, ал осы уақытта сүт тістерінің тамырлары тұрақты тістермен салыстырғанда ұзындау болып келеді. Сондықтан сүт тістерін жұлғанда өте сақтық керек, өйткені тамырлар арнасында сүт тістерінің үзінділері қалмауын қадағалау маңызды. 

Сүт тістерін жұлуда стоматолог арнайы сүт тістерінің жұқа құрылымдарын жұлуға арналған қысқыштардың көмегін пайдалану арқылы жүргізеді. Осы аталған құрал сүт тістерін майдалап үкпей, бірден қызылиекке еркін жылыжып енеді. Ал жансыздандыруды ол аса бір қатты қабынуларда (перидонтит пен пульпиттің ауыр жағдайында) қолданылады.

Сүт тістерін жұлу мен оларға сапалы ота жасауды Қазақстанда біздің клиника өткізеді.

Біздің мамандарымыздың үлкен тәжірибесі бұл аталған процедураны шапшаң, әрі ешқандай ыңғайсызықтарға қалдырмай сәтті жасайды. 



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: