Сапфирлі, керамикалы брекет-жүйлердің Алматы қаласындағы стомологиядағы кеңесі мен бағалары

Эстетикалық сапфирлі, керамикалы брекет-жүйелерді кез келген жас шамасына қолдану

Сапфирлі, керамикалы брекет-жүйлердің Алматы қаласындағы стомологиядағы кеңесі мен бағалары.


"Ауызды тіс көркейтеді"
Пуштун мақалы


Арнайы «сырманы»(немесе "құлып") брекеттер деп атайды. Оларды арнайы стоматологиялық желіммен іш не сырт жағынан желімдейді.

Бір жақтағы барлық «сырмалар» бір-бірімен ортодонтикалық доғалармен байланыстырған, олардың өз алдына қасиеті бар.Оны қалай қарай иісең де ол қайтадан өзінің бастапқы қалпына келеді. «Рахат» клиникасының ортодонт-стоматологтары аса байқампаздықтарымен доғалардың әсерін сондай-ақ басқа да құралдардың (шеңбер, сырмалар, тартпалар мен шынжырладың) күшін тістердің қозғалу бағытын тексеріп қарап отырады. Әрине қуаныш алыс емес! Тістердің тістелу түзулігі  мен тістерді түзеу қай жас шамасында  болмасын брекет-жүйелер арқылы қол жеткізуге болады. Әрине 11 жастан бастаса тіптен құба-құп болар еді. Ең бастысы алдымен адамға шыдамдылық керек, әрі ол шыдамдылық 6 айдан 2 жылға дейін созылатын шыдамдылық болу қажет. Осы ұзақ уақыт бойы дәстүрлі  брекет-жүйені салып жүруге дайын емессіз бе? Оны да шешуге болады!


Көрінбейтін-брекеттер

Егер сіз жұрттың көзіне аузыңыздағы ыңғайсыз сырмалар үшін нысана болып түскіңіз келмесе, онда сапфирлі не керамикалы брекеттерді қойдырыңыз. Олар металды бркеттердей вестибулярлы брекеттерге жатады, яғни бұлар тістердің сыртқа жақтарына орналастырылады, (ал ішкі жақтарына лингвальдылары) қондырылады. Бұлар металды брекеттерден ең басты айырмашылықтары , яғни сапфирлі, керамикалы брекеттер сырт көзге білінбейді. Алыстан тіптен көрінбейді, суретке түскенде тағы да көзге ұрына бермейді, жақыннан әдемі эстетикалық сипатта көрінеді өйткені олардың түсі 100% тіс реңімен сәйкес келеді. Сіздің қалауыңызбен металды доғаны  керамикалық жабулармен жауып та жасауға болады. Онда брекет-жүйе мүлде көзге ұшырамайды.


Сапфирліні ме, әлде керамикалыны ма, қайсысын таңдау керек? 

Керамикалық брекеттер табиғи реңімен ерекшеленеді,олар тістің түсіне лайықтап таңдалады, сондықтан оларды қояр алдында тістерді ағарту жұмыстары жүргізімейді. Егер материалдың құрылымын айтсақ, ол өте мығым ешқандай сәулені жіберіп не шағылыстырмайды, басқа сөзбен айтқанда ол кәдімгі тістен аумайды. Тіс эмаліне өте ұқсайды. «Сырмалар» өте шеңберленген пішінде, сондықтан керамикалық брекеттер металға қарағанда жайлы тиеді.Сонымен қатар олар тотықпайды да.Керамикалық брекеттер өз тұрғысынан бояуға тұрақты, бірақ «сырмаларға» тұт қонбау үшін ауыз қуысы гигенасына сақ болу көзделеді. «Сырмалар» жеңіл түрде шай, кофе, винолардың түсін қабылдайды. Керамикалы брекеттер өте төзімді келеді. Оларға өте ұқыпты қарау керек, сонда олар сізге көп уақыт бойы қызмет етеді.

Эстетикалық брекеттердің ішінде ең мөлдірі – сапфирлі брекеттер. 

Әрбір «сырма» ол сапфир кристалдарынан тұрады, олар жасанды түрде өсіріліп өте ұқыпты жалтыратылған. Сапфирлі брекеттер қымбат металдар ретінде күндізгі жарық сәулесіне шағыласады, өз түрін ұзақ сақтайды, өйткені олар тұттана бермейді. Олар сөйлеу дағдысына кедергі келтірмейді,сондықтан оған сіз тез көндігіп, үйреніп кетесіз.

Сапфирлі «сырмалар» төзімді, керамикалар сияқты оларды күтіп ұстау керек. Қондырар алдында тістерді ағартып алу керек, сонда сапфирлі тістер тек тіс қатарын түзулеп қана қоймайды сонымен қатар сіздің қуанышты жүзіңізді одан сайын қымбат нұрға бөлейді.


Керамикалық және сапфирлі брекеттері бар тістерді күту

Осы аталған брекеттер ортодонтикалық жақтан алынбайтын тұрақ брекеттерге жатады. Сондықтан әрбір тазалауға ерекше көңіл бөлу керек, әрбір желімделген тұстағы «сырмаларды» тиянақты тазалауға алу қажет. Себебі дәл сол жерге тіс тұттары жиналады.Ертеңгісін және кешкісін тістеріңізді жақсылап тазалап, шайыңыз, тіс арасындағы аймақтар мен брекеттердің араларын тиянақты тазалаңыз, әйтпесе, қызыл иек пен тіс түбірлерінің ауруы тууы мүмкін.Егер тісіңізді тамақтан кейін тазалауға жағдай болмай қалса, онда ең құрыса тісіңізді, аузыңызды шайқап, жууға тырысыңыз. Еер сіз ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтамасаңыз, ол нашар күйде болса, онда ортодонт дереу тіс брекеттерін алып тастау жөнінде мәселе көтереді. Ондай жағдайда сіз түзу тістер жөніндегі ұғымыңызды ұмытасыз!


Брекеттері бар тістерді күтуде жеңіл болу үшін өз рационыңыздан келесі азық-түліктерді алып тастайсыз:

  • иристер мен сағыздар –  олар жабысып қалуы мүмкін; 
  • жаңғақтар, құрғақ нандар мен тоқаштар – олар брекет бөлшектерін сындыруы мүмкін;
  • аса ыстық не аса суық тағамдар – брекеттер желімдерінен босап қалуы мүмкін;
  • тәтті кофеин дәмді сусындар – олар «сырмаларды» бояп, жайлы жағдайға керісінше бактериялар таратуы мүмкін.

Сапфирлі, керамикалы брекеттерді күтуде мыналарды еске сақтау керек:
  • Тіс щеткасы (кәдімгі және ортодонтикалық);
  • тіс пастасы;
  • тіс жібі (бекітілген қатты ұшы бар);
  • арнайы ысқыш қорапшасы;

Қосымша құралдардың ішінде ең қажеттісі: балауыз (брекетке үйрену кезеңі кезінде), ортодонтикалық шайғыш, бір шоқты тіс щеткасы (брекеттерді тазалау үшін), ирригатор (ағып тұрған су астында су қысымымен тұттарды тазалау үшін).

Брекеттерді тазалау техникасын осы құралдармен қалай тазаланатынын стоматолог қабылдауынада айтылады. Брекет қондырылған соң айына бір рет ортодонт дәрігерінің қабылдауына келіп,тістердің қозғалысы мен коррекциясы жөнінен кеңес пен бағасына көз жеткізу керек. Сідің тістеріңіз шетелден тәжірибе жинақтап келген білікті ортодонт дәрігерлердің бақылауында болады. «Рахат» ортодонт-дәрігерлері әрқашан халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысып, стоматологиядағы жаңалықтардың ішінде болып көптеген жаңа мәселелердің қолданысына қанығып келе жатыр. Сондықтан сапфирлі, керамикалы брекеттерді ыңғайлы деп танылған әдісті, сіздерге ұсынады. 

Сіз бет жүзіңізді әдемі, сұлу етіп көрсеткіңіз келсе, міндетті түрде тегін дәрігер кеңесіне жазылыңыз!



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: