Пульпит пен периодонтитті емдеу Алматы, стоматолог кеңесі, бағалар

Пульпит пен периодонтитті емдеу

Лечение пульпита и периодонтита в Алматы и Астане


«Тамырына үңіл!» деп стоматологқа да айтуға болады»
Я. Джангирова


Тіс шірігін о баста емдемесе, онда ол  пульпит пен периодонтитке ұласады және оны қараусыз қалдыруға болмайды, өйткені тек қана тіске емес адамның барлық организміне әсерін тигізеді. Сіз «Рахат» клиникасы жүйесінде пульпит пен периодонтитті емдеудің жайлы еміне тап боласыз.

 Тіс шірігі ауруының даму кезеңінде тіс арналарын түгелдей емдеу қажеттілігі туады. Эндодонтикалық ем жасау яғни («эндо» - іші, «одонт» - тіс). Бұл қалай жүреді?


Пульпит пен периодонтитті емдеуге дайындық жасау

«Рахат» клиникасында емдеу алдында біршама іс-шаралар қолға алынады, арналарды бекіту оның ішінде: Емделушіні нақты диагнозға тексеріп, одан кейін эндодонтикалық ем жасау жоспарланады.

  • Жергілікті емдеу орнын жансыздандыру. 
  • Коффердама (резеңкелі шымылдық) көмегімен сілекейді жекелеу.
  • Ауыз қуысындағы тіс тамыры арналарына еркін қол жеткізу үшін тіс орналасқан жақты барынша ашу.
  • Толықтай өңдеу жұмысын жүргізу үшін, тістің тамыр арналарының ұзындығын білу апекслокатор көмегімен тіс қуыстарын бекіту.


Арналарды өңдеу

Тіс қуыстарын жабу үшін дәрігер алдымен арналарды дайындайды.

Табиғатынан ол арналар жіңішке болып келеді, сондықтан оны өңдеу деген сөз, арналарды кеңіту болып сналады. Олардың өткізгіштігі басына дейін жақсы жұмыс істеуі қажет, сондықтан оны келесі кезеңдерге қосу керек.

Тіс жігісінен зақымдалған талшықтарды алу, қол күшімен немесе машиналық құрал көмегімен (титанды про-файлдармен)  қандайма болсын тіпті тар әрі қисық арналарды өңдеу. Соңғыларды қолдануда ілінбес шеттерді де құралмен өңдеуде қиындықтардың да жолы алынады.


Гуттаперчамен тіс құысын бекіту (пломбылау)

Тіс арналарын тазалап оның ауруын біршама басқан соң, арналар жаңа бір тегіс өңге айналған кезде стоматолог тіс қуысын бекітуге кіріседі. «Рахат» клиникасы жүйесінде бұрынғы қатқылдау келген тіс қуысын бекіту паста материалының орнына жаңа технологияда қолданыс тапқан тіс қуысына гуттаперчей қойылады. Бұдан не шығады?

  1. Тіс арнасының диаметріне қарай гуттаперчаны бас штифін таңдаудың қолға алынатындығы. 
  2. Арнаны арнайы герметикалық силермен толтыру, одан соң штиф-шеберді жүргізу.
  3. Қабырғаларға тығыздып жылжыту арқылы жаңа орынға келесі штифтерді салуға жол ашылады.
  4. Гуттаперчаның ең кіші мөлшеріменде (12 тал) келесі толтыруды жүргізуге болады. 
  5. Арналардың дұрыс толтырылуын тексеру ол аралық диагностиканы жүргізу кезінде (рентгенге) түсіріледі. 
  6. Осылай келесі қабылдауға дейін уақытша тіс құысын бекіту шарасы қолға алынады.
  7. Дәрігердің ауруды дәрі-дәрімекпен емдеуде көбіне антибиотиктер мен антигистаминдік, нестероидты қабынуға қарсы дәрілік қасиеті бар дәрімектер қолданылады.


Тіс қабын (коронканы) қайта орнына келтіру

Тіс дәрігеріне тіс қабын қайта орнына келтіруге келген емделушіден дәрігер тіс қаптамасы бар тістің жағдайын оның ауру туғызуы мен ісуі жөнінде мәлімет алады. Егер осы белгілер болмаса онда төмендегідей іс-шаралар жүргізіледі:

  • Тіске уақытша қойылған тіс бекітулерін алу. 
  • Қойылған антисептиктерді жуып-шаю.
  • Енді біржола қойылатын тіс бекітуін (пломб) жасау.
  • Тіс қабының пішінін қайта пішінін орнына келтіру.

«Рахат» клиникасы жүйесінде пульпит пен периодонтитті емдеу емделушіге бір-екі қабылдау арқылы іске асырылады.Ол әрине тістердің өсінді санына байланысты болады. Тіс емделу кезінде бір рет 

қабылдауда дәрігер өзі қойған шаралардың іске асырылғанын яғни қабыну процесінің тоқтатылғанына көз жеткізеді. 

«Рахат» клиникасының талай жылғы мол тәжірибесінде клиника дәрігерлері тіс жігі ауруларының ең күрделі жағдайларында емдеудегі әдістері әбден толыққан. Ол үшін арнайы қауіпсіз жабдықтарды қолдану да жолға қойылған. Қазіргі технологияда қолданыс табатын ең мықты материалдарды таңдап алуда дәрігерлер (termofille, soft core, system B, суықтай және жылытылған гуттаперча), осы емдеу тәсідлдеріне қол жеткізген.  

«Рахат» клиникасының кез келген өзіңізге жақын орналасқан жүйесіне телефон шалу арқылы Сіз пульпит пен периодонтитті емдете аласыз. Барлық нөмерлер «Байланыс» бетінде көрсетілген, сіз, тіс қабынуын біржола ұмытасыз!



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: