Алматы қаласында тістерді қышты қосымшамен бекітудегі стоматолог кеңесі мен бағалары

Қышты қосымша бекіту - тіс бекітудегі (пломба) компьютерлі технология арқылы асырылатын баламалы тәсіл

Алматы мен Астана қалаларында тістерді қышты қосымшамен бекітудегі стоматолог кеңесі мен бағалары


«Өз тістерің, өзіңе қажет» 
Халық даналығы


Бір кішкене ғана бүлінгеннен тіс талшықтары бұзылып оны жөндеуді, тіс саңылауын бекітуді жүзеге асырады. Егер тіс одан біршама көбірек бүлінген болса ше? Оны сақтаудың жолдары  бар ма? «Рахат» клиникасының мамандары осындай  стоматологиядағы жаңа қыш қосымшаларын салу технологиясы арқылы тістерді сақтап қалуды ұсынады. 


Бұл неғылған қосымшалар?

Бұл  ауыз-қуысына қойылатын ең кіші қойылымдар (мини-ендірмелер) олардың міндеті тіс қаптамасын қалпына келтіріп, ондағы жүйке талшықтарын сақтап қалу. Қыш қосымшалары көбіне тістердің 45-80%-да бүлінгенде, тіс қырларының ақаулары мен эмальдің гипоплазиясында немесе тіс көпірлеріне тірек болу үшін қажеттілікте қолданылады. Сондай-ақ бұлардың қолданысы бүйір тістердің сезімталдығы өсе бастағанда немесе олардың жұқаруында тістерге алдын ала профилактика жүргізуде бүтіндей қолданыс тауып іске асырылады. 


Қыш қосымшалары қалай дайындалып жасалады?

Екі тәсіл бар – бірі классикалық тәсіл, ал екіншісі компьютерлік технология тәсілі.Бірақ екі жағдайда да стоматолог дәрігер алдымен тістерді бүлінген талшықтардан тазалайды, ауыз қуысына алдын ала дайындық жүргізеді. Одан соң ғана модельдеу процесі басталады. 

Классикалық тәсіл. Уақытты көп шығындайды, өйткені кем дегенде дәрігерге екі рет келесің. Дәрігер алдымен қалып түсіріп алады, уақытша бекіту (пломба) салып береді. Екінші рет келгенде дәрігер тіс-технигімен қосымшаның тіс қалпындағы модельдеуін жүргізгенін және оның қашан даяр болатынын сондай-ақ салынатынын айтады. Қосымшаны ауыз қуысына салып, өлшеп оны тегістеп егейді. 

Компьютерлік технология тәсілі. «Рахат» клиникасында CEREC 3 жүйесін қолданылады. Тәжірибелі стоматолог ауыз қуысына үш өлшемді камераны салады ол ауыз – қуысы суретін компьютерге жібереді емделуішінің алдында қосымша салынатын материалдың моделі құрылады, бұл тәсілде жақ сүйегіндегі ерекшеліктер түгелдей есеке алынып беріледі. 3D-модель дайын болғанда, жабдық ең кіші микрон дәлдікте қосымшадағы артық материалды қиып алып  тастайды. Қышты қосымша арнайы цементпен қатырылады,одан соң материал тағы егеліп тегістеледі.  


Қыштық қосымша кәдімгі (тіс бекітуінен) пломбыдан мықты ма?

Қандайма болсын қазіргі тіс бекітулердің (пломба) барлығы мінсіз емес. Олардың төзімділік мерзімі де ұзақ емес, сондықтан тіс шірігі қайта басталып кетпеу үшін оны ауыстыру қажет. Егер стоматолог-дәрігер ынта танытпаса кейде тістің модельденуі мен жалтыратылуы жетімсіз болатыны бар. 

Сондықтан қышты қосымша жан-жақты әмбебаптылыққа ие, дегенменде оның қойылуының да шегі бар. Егер тістің түгел бойы иекке көміліп жатса, егер емделушінің тісқабы төмен қаппен жабылса немесе пародонттың ерекше жағдайы болып тіпті ауыз дәмі болмаса, сондай-ақ тіс бетінің өшірілуі жоғары болса, онда қыш қосымшасы мен пломбы арасына басқаны қоюды таңдайды. Бірақ көп жағдайда қыш қосымшасының артықшылықтары көп. Олар көбіне:

  • жоғары төзімділігімен шыдамды тұрқымен ерекшеленді;
  • ішкі тістерге ұқсайды;
  • жартылай тұнық мөлдір;
  • тістің анатомиялық пішінен аумай қалған;

«Рахат» клиникасына көңіл артсаңыз білікті дәрігерлер сіздің тісіңізге компьютерлік технология арқылы мінсіз керамикалық қыш төсеп береді. Оны тіптен бір келгенде-ақ жасатып аласыз. Ол сіздің тістеріңізді сақтап қалады әрі күлкіңіз тартымды болып көрінеді!  



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: