Дұрыс тістелу, ортодонт, стоматолог, Алматы, Астана

Тістерді түзетуге арналған салмалы және тұрақты аппараттарды қолдану

Алматы қаласындағы  стоматологтардың  тістердің дұрыс тістелуін түзеудегі кеңесі мен бағалары


"Бір күлімсіреуді әдемі деп атайды: егер ол күлімсіреу бетке сүйкімділік қосса, онда бет шындығында әсем"
Л.Н. Толстой


Статистика бойынша адамдардың 25% ғана табиғатынан тістері түзу болып келеді екен. Сіз осы есепке кіресіз бе? «Рахат» ортодонттары жаңа тәсілдермен сіздің тістеріңізді түзеп тістелуін реттейді. Сіздің жасыңыз 10 не 50 болсын ол маңызды емес!

Ортодонттар деген кім?

Олар зергер-стоматолгтар, өйткені олар тұрақты тістерді орнынан «қозғайтындар». Тіпті, сіздің күлімсіреуіңзді шынайы етеді. Қазіргі ортодонтия (оrthos яғни «түзу», dentia – тістер) балалар мен ересектердің қисық тістермен,  тістерінің түзу тістелуімен айналсады.

Тістелудің қандайы дұрыс емес делінеді?

Тістелу – жақтардың бір бірімен жақындасуында тіс қатарларының бір бірімен қаншалықты сай келуі. 

Нормадан тыс бір не екі тістің ауытқуы болса оны түзу емес деп атайды.

Ортодонттар тістелудің түзу еместігн 5 түрге бөліп қарайды:

  • дистальды – жоғарғы жақ дұрыс жетілмеген, не төменгі дұрыс жетілмеген;
  • мезиальды – астыңғы жақ алға қарай тым шығыңқы;
  • терең – жоғарғы жақ тістері төменгі жақ тістерін түгелдей дерлігін жабуы;
  • ашық – жоғары жақ тістері  төменгі жақ тістерімен тіпті түйіспейді;
  • айқасқан – жоғарғы не төменгі тістер жетілмеген бір жағынан,  тіс қатарлары қайшыланып түйіседі.

Кей жағдайда тіс ауытқуы қатты болып, тіптен бет пішіні өзгеріске түседі.Мұндай жағдайда күлуге де, сөйлеуге де ыңғайсыз. Тістердің бұзылуы тек ыңғайсыз көрінуде ғана емес. Ол көп себептерімен ең бастысы денсаулыққа зиян келтіреді. Тістердің дұрыс тістелмеуі алдымен тістердің өзіне көп жағдайда ауырлық әкеледі. 40 жасқа таман тіс мойындарында саңылау пайда болады.Тіс аралары ашылып, тістер шайқатылып қозғала бастайды. Тістелудің ауытқуы жақ сүйектеріндегі буындарға әсер етеді, одан бас аурулары пайда болып, сықырлаған дыбыстар шығып, шайнау кезінде  бұлшық еттерінде ауыртулар пайда болады. Бұдан басқа тыныс жолдары мен жақтың қозғалуы қиындыққа соқтырады. Осыдан сөйлеу тілі бұзылып, ас қорыту органдары да азап шегеді.


Дұрыс емес тістелудің зардабынан қалай құтылуға болады?

Егер баланың тісі болса, онда сүт тістерінің кәдімгі тістерге аусуын қадағалап, бақылап отыру керек. Бала 5-6 жасқа келгенде ортодонт жаңа тістердің дұрыс өсуіне және олардың дұрыс тістелуіне жағдай жасайды. Кішкентай 3-7 жас аралығындағы балалар тістелулерінде ауытқушылықтар болса, онда оларды трейнер арқылы  жеңіл түзеп алуға болады. 7-10 жастағы балаларға көп жағдайда салмалы пластинкаларды ұсынады.

Жас өсперімдер мен ересектердегі тістелудің ауытқушылығын салмалы не болмаса тұрақты құралдарды қою арқылы түзеуге болады.Алғашқы қондыру капа деп аталатын мөлдір құрылым, ол тіптен көрінбейтін өз алдына эстетикалық қалыпты береді. Оны күрделі емес жағдайда қолданады. 

Емделу курсы кезінде емделушіге он шақты капты ауыстыруға тура келеді.Оның механиакалық әсері күшіне қарай түрліше болады. Салмалы конструкциялық құрылымның ішінде түбір тістерге тиімді әсер етуші құрылымның бірі ол брекет-жүйесі.  Брекет-жүйесін ересектер мен егде адамдарға да қоныдыруға ыңғайлы, өйткені онда тістер үш түрлі қалыппен түйісе алады. Қазіргі кездегі жаңа брекеттер ауыз-қуысында тіптен білінбей тұрады. Оны ең құрығанда бір жылдай уақыт кию керек, бұл оған тұрады.

Қандайма болсын конструкциядағы брекетті қондыру алдында стоматолог дәрігер алдымен ауыз-қуысын тазалап (санация),  толықтай 3D-диагностикасымен тексеру жұмысын жүргізеді. Бұл шара емдеуді жоспарлау мен бақылауға сондай-ақ емдеудің нәтижесін көруге көмектеседі. Осындай тексерістен соң дәрігер емдеудің  әдісін анықтайды. Емдеу барысында ол әдіс өзгеруі де мүмкін. Өйткені барлығы тістердің қалай жылжуы мен тістелудің өзгеруіне байланысты.


Қайда барып қаралуға болады?

Алдымен «Рахат» стоматологиясының кеңесіне келу керек.Клиникаға келгеніңізде сіз дәрігерден ортодонтикалық емдеудің қазіргі жаңа әдістерімен емделу көмегі жөнінде ұсынысын аласыз. Сіздің көңіл-күйіңіздің жайына «Рахат» дәрігерлері аса мән беріп, ал клиника жетекшілігі емнің максимальды түрде тиімді, жайлы  болуын қадағалайды, ойткені оның өзі ортодонт.Қандайма болсын ортодонтикалық ем түрлеріне клиника өз кепілділігін береді. Сенім артып бізге келіңіз: сіз ең жоғарғы санатты ем алып, бізден жақсы күймен күлімсіреп қайтасыз!



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: