Брекеттер Алматы, Стоматолог, бағалар, кеңес беру

Брекеттер

Алматы мен Астана қалаларындағы стоматолог кеңесі мен бағалары


«Рахат» клиникасының тәжірибелі жоғары білікті дәрігер-ортодонттары емделушілерінің жас ерекшелігіне қарамай тіс тістелуіне де аса көңіл қойып, оны  кешенді бағдарламамен түзетеді.


Бір таптаурын ұғым бар тіс түзулігін тек ерте бала кезінде ғана түзеу керек деген. Бұл қате пікір. Сөз жоқ бала кезден ең бастысы азу тістердің қалыптасуына олар қай жерден қай бағытқа қарай өсіп келе жатыр дегенге аса мән берілуі керек.

10-13 жас аралығында сүт тістер түсіп, азу тістер шығады.Тіс өсуінің соңғы кезеңінде тістердің тістелуін түзеу көп жағдайда жеңілдеу тиеді. 

Тіпті, адам біраз ересектеу жасқа келгенде де оны іске асыру кеш емес. Ер жеткен кезде қалай тіс өсуі тоқталады, тістердің орны орнығады, сенімді түрде тұрақтанады сонда да оларды түзу бағытқа қойып, тізбегін түзеуге болады. 

Осы мақсатқа негізделген балалар мен ересектерге арналған арнайы ортодонтикалық аппарат- брекеттерді ауыз қуысына салғызып, дәрігердің бақылауымен қашан кемшілік түзелгенше кию қажет. 

Брекеттерді дұрыс ережеге сай қондыру тек, тәжірибелі, білімді дәрігер-ортодонттар қажетті жабдықтар мен медициналық материалдарды пайдаланып қондырады. 

Мынаны еске сақтаған жөн алдымен тістерді емдеп, диагностика жүргізіп емделушіге қандай брекет-жүйе сай келетіндігі тексеріліп қаралу керек. Олар ашық немесе түрлі-түсті, көз тартар не практикалық жақтан ыңғайлы  көзге көрінбейтін түрлі материалдардан: металл, пластикадан не сапфирлі кристалдардан болады. 

Бұл ретте емделушінің тілегі негізге алынады өйткені қазір бұл жүйелердің түрлері көп.

«Рахат» клиникасындағы жоғары білікті ортодонт-дәрігерлер тістердің тістелу мәселесіне кешенді түрде қарап, емделушілердің жас ерекшелігіне қарай және тістерінің жағдайына қарай аталған мәселені шешеді. Аталған процедураның алдында клиника қызметкерлері міндетті түрде ауыз–қуысына тазалау (санация)  және диагностика жүргізеді. Емделушіге қандай жүйе лайықты екенін бағамдайды.

Жүйені тағудың барлық кезеңінде, емделуші емдеуші дәрігерінің әрдайым бақылауында болып, кез келген уақытта клиникамен байланысқа түсіп, өзіне қажетті сұрақтарына жауап ала алады.

Егер сізде, не балаңызда тістердің қисықтық мәселесі болса және қисық тістерден біржолата құтылып мәселені шешу үшін «Рахат» клиникасының стоматология жүйесіне қаралыңыз. 

Біздегі тәжірибелі білікті стоматологтер қазіргі кездегі жаңа тенологиялық жабдықтарды пайдалана отырып, аталған мәселені емделушімен тығыз байланыста жұмыс істеп, үздік жетістіктерге жетуіне кепілдік алады. 



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: