Металсыз құрылмалар - көпірлер, қосымшалар, винирлер

Металсыз құрылмалар - көпірлер, қосымшалар, винирлер

Протездеуде металды емес құрылмаларды пайдаланудың 7 түрлі артықшылықтары

Ортопедиялық стоматологияда металл көп жылдар бойы №1 материал болғаны анық. Қазір ол өзінің орнын ауыстырған. Стоматологиялық жағдайларды әдемі әрі ыңғайлы, қауіпсіз, жылдам  шешуде оның орнына өзге композиттер келді. Осы түрлі кең түрде қолданыс тапқан материалдардың ішінен ең бір артықшылығы бар материалды әрбір емделушінің жағдайына қарай таңдау стоматолог пен емделушіге байланысты болады.

Технологиялар мен құрылмалар

Металды емес құрылмалар түрлі технологиялар арқылы жасалған материалдар (бүтіндей керамикалық құрылмалар, тапталған керамика, фрезерлеген) болуы мүмкін.

Олардың бір айырмашылығы оның негізінде, оның ішке салынған қабаттарында. Бұлар металдан жасалынбаған. Негіздің сапалылығына көбіне диоксидті циркони алынады. Жоғары технологиялық керамиканың мықтылығы металмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Осы аталған материалдың негізі тіс талшықтарын температураның әсерінен, ақ түсін сақтап қалыптың астынан басқадай болып көрінбейді.

Эстетикалық стоматологияда металды емес технологиядан қосымшалар дайындайды (олардан тістің 40% қалпына келтіріледі), винирлер (алдыңғы тістерді қалпына келтіруде), қаптамалар (бүлінген тісті жауып не имплантат) жасалынады.

Металды емес конструциялардың құндылықтары:

  1. Эстетика. Жасанды тістер кәдімгі табиғи тістер сияқты тіпті түнгі клубтардың неон шамдарында да. Түсі мен жылтырлығы 100% барылығы сәйкестікте болады. Сонымен қатар оның үстіңгі беті тегіс, жылтыр. Тіс тұттары қалып қоймайды, шай, кофе, виномен боялып қалмайды, ұзақ уақытқа дейін жарқырап көрінеді. 
  2. Жақсы тұрады. Керамика ауыз қуысындағы металды құрылмалармен химиялық реакцияға түспейді (метал дәмі болмайды) не болмаса аллергия туғызбайды. Металды емес констукциялар металға аллергиясы немесе қант диабеті бар адамдарға лайықты.
  3. Жеңіл салмақта. Металды емес конструция металдыдан бірнеше есе жеңіл. Егер сізге ұзындау келген тірек көпір қажет болатын болса, онда металды емес құрылмаларға жол беріңіз. Мұндай көпіртектес протез тіректі тістерді сақтауға негіз болады. Оның салмағы жеңіл болғандықтан ол тіс тіректерін шайқалтпайды.
  4. Қаптама төзімділігі. Метал мен керамиканы байланыстыру өте қиын. Сондықтан жиі сынықтар пайда болады.  Ал металды емес құрылмалардың негіздері мен қабаттары бір бүтін болғандықтан олар төзімділігін сақтайды. 
  5. Дәлдік. Металды емес құрылмаларды дайындағанда CAD/CAM цифрлі технологияны пайдаланады. Аталған технология тістер мен қаптамалар арасындағы саңылауларды 10 есе азайтады. Барлық дайындау процесі автоматтандырылған, сондықтан тіпті микрондық ауытқуға жол берілмейді. Аталған конструкция ауыз қуысына өте сәтті қонады, тіпті сіз өз тістеріңіз бен олардың арасындағы айырмашылықтарды сезбейсіз.
  6. Дайындау шапшаңдығы. «Рахат» цифрлық лабораториясында компьютерлік басқарумен қажетті металды емес құрылмаларды құймасыз дайындау -1 сағат көлемінде аз уақытты алады. Сіз бір келуде оны дайындап жасатып және қондыртып аласыз. 
  7. Амортизациясы. Композитті материал амротизацияға қабілетті. Ол ауыз қуысында қызылиектің қанауын, жағымсыз истің пайда болуын тудырмайды. Олар өзінің қызылдау түсін сақтайды. Егер сізге имплантат немесе қаптама қою қажет болса, осы металды емес конструкция ең қолайлы болары даусыз.


«Рахаттағы» металды емес құрылмалар.

Даярлау мен қондырудың алдында толықтай диагноситка жүргізіледі. Цифрлық рентгенография негізінде емдеудің дәл жоспары жазылады. Сіз емделуші ретінде протездеу әдістемесін таңдауда белсенділік танытуыңыз керек. Жекелей таңдалған құрылманың құрылымы еуропалық жабдықтарда клиниканың өзіндік тіс лабораториясында жасалады. Дайындау сапасы қатаң түрде бақылауға алынады. Барлық металды емес конструкцияларға 10 жыл кепілділік беріледі. (Ұзақтығы тістердің  тамыры мен жағдайына дәміне байланысты) 

Бөліп төлеуге мүмкіндік бар

Ауыз қуысында металды емес құрылмалармен тістерді қайта қалпына келтіру, суретшінің жұмысымен де ауыстыруға келмейді. Сіздің жағдайыңызда осы және де басқа да құрылмаларды қондыруды дәрігер-ортопед шешеді. 

«Рахат» клиникасы стоматология жүйесіне кеңеске келіңіз!



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: