RSTOM.kz - Рахат стоматологиялық клиникасы туралы пікірлер

Отзывы клиентов о стоматологии "Рахат"

Алма Әуэзова

Сәлеметсіздер ме! Мен, Аблякимова Лейлә ханымның емделушісімін. Қолы өте жеңіл.Ол кісі өзінің жұмысын сүйеді. Сондықтан болар әрі ісіне ұқыпты, тиянақты.

Құрметпен алғыс білдіруші емделушіңіз!

Мадиана Аманова

Сәлеметсіздер ме, дәрігер Қанат Алпысбайұлы Наурызбаевқа алғысымды білдіргім келеді. Нұрлытаудағы ең үздік дәрігер. 

Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарап,әсіресе, емделушілерге жылы қабақ танытып, жүзінен әрдайым күлкі үйіріліп, жақсы көңіл күйге бөлейді. 

Мұндай дәрігерлер бізде аз, өз ісінің білгірі! Өз кәсібінің шебері, СІЗГЕ КӨП РАХМЕТ!


Алеся Драница

Стоматолог-дәрігер Павел Быстрицкийдің алдында бірнеше рет болып емделдім. Созылмалы тіс шірігінің бұрын салынған пломба асты күрделі түрі бойынша қаралдым.Бірнеше процедуралар алдым оның ішінде тіс тастары алынды. Әр емдеудеу нәтижелеріне көңілім толды.  

Доктор Быстрицкийдің жұмыс ерекшелігі алдымен ұқыптылығы мен жоғары сапалығында жатыр. Емделушімен қарым-қатынасқа жайлы, қайырымды әрі іскер. Дәрігер үшін қалыптасқан бір ыңғайсыздық ол емделушілердің қорқыныш жағдайы біз әбден қорқуға бой алдырғанбыз осыны жеңу – дәрігердің маңызды қыры.

Павел Викторович әрдайым достық қатынасты өз тұсынан құра біліп, алдағы болатын процедураны бүге-шүгесіне дейін жеткілікті түсіндіріп, ең бастысы стоматологиялық орындықтағы қандайма болсын, тіпті, мықтымын деген емделушінің бойындағы үрейді жоя алатын қабілеті. 

Маман ретінде үлкен сенім арту –дәрігердің қандайма болсын стоматологиялық ауруларды емдеп, профилатика жүргізу шараларын шешуі биік құзыреттілігін  көрсетеді.

Доктор Быстрицкийге абайсызда құйтырқы сұрақтар қойып ойын бөлу мүмкін емес.!

Павел Викторовичке жемісті еңбек тілеймін!  


Моисеева Ольга

Сәлеметсіздер ме!

Менің атым Ольга Моисеева, мен бірнеше жылдардан бері "Рахат" клиникасының емделушісімін. Осыған дейін түрлі филиалдарда емеделдім. Ал қалай мен Лейла Семғалиқызының қолына түстім, содан бері мен тек осы кісіде ғана емделемін! Ол кісі ғажайып – дәрігер! Мендегі күрделі жағадайлардың бәрін ыңғайлы емдеді. Мен аса қатты риза болдым. Лейла Семғалиқызына емделгеннен кейін әрдайым хабарласып жағдайымды сұрап және қажетті кеңестерін береді. Бір сөзбен айтқанда қарапайым, қайырымы мол адам! Жалпы, рахмет, Сіздерде осындай дәрігердің барлығына!!

Алия Амангелдіқызы

Мен, Алия Амангелдіқызы, өз алғысымды Лейла Семиғалиқызы Абілекимоваға білдірейін деп едім. Себебі ол менің ең үздік тіс дəрігерім десем, артық айтпаған болар едім. Ол кісі сондай ұқыпты, өз ісін жақсы көретін, жоғары дəрежелі кəсіби маман иесі. 


Данэль Альпиева

Сәлеметсіздер ме!

Сіздерге дәрігер Лейла Семиғалиқызы Аблякимова жөнінде пікір бергім келеді.

Лейла Семиғалиқызы керемет дәрігер менің тісімді жеткіншек кезімнен қарап келе жатқанына 10 жылдан асты. 

Осы кісінің арқасында менің тістерім әрқашан сау, аппақ әрі әдемі. Ол кісінің шеберлігіне өз басыммен  бірге менің жанұямда сенім артады.

Мен әрқашан өз достарым мен таныстарыма Лейла Семиғалиқызына емделуді ұсынамын. Одан соң олар алғыстарын жаудырып жатады.   


Жанар

Стоматолог-терапевт дәрігер Лейла Семиғалиқызы Аблякимоваға айтар алғысым шексіз! Мен Лейла Семиғалиқызында бірінші жылы ғана емделіп жатқан жоқпын. Қандай түрлі мәселемен мен ол кісіге барып қаралсам да ол кісіден мен әрдайым тек сапалы емдер алдым. Тіс дәрігер ретінде ол кісі жоғары білікті маман, әрқашан құрметпен, аса байқампаздықпен қарап, кездескенде жылыұшырап күлімдеп, қарсы алуының өзі бір төбе. Тіпті, емделуден кейін қайта телефон шалып, денсаулығым мен жағдайымды сұрап жатады.

Өзімнің стоматологиялық жағдайымды мен тек осы кісіге тапсырамын!

Aldaniarova Janna

Осы ерекше құттықтауды Татьяна Владимировна Кравченко ханым мен Арман Ильясұлына арнаймын!! Кремет дәрігерлер! Денсаулық мамандарының мерекесінде

Сіздердің еңбектеріңіз үшін үлкен рахметімді айтамын!


Margarita

Менде де саңылаулар болды. Мен 30 жасымды Рахатта брекеттер қойдырдым. Әлі де куанышыма шек жоқ.

Миланнан Әділ Тұрсынбай

Кеш жарық! Ризашылық көңілден! Клиникадағы қызмет көрсету үздік оның үстіне қызмет бағасы да  қонымды.

Залина Межитқызы түгелін тиянақты түсіндіріп, кеңес беріп,қабылдау кезінде ұсыныс жасады. Әрдайым жол үстінде болғандықтан Алматыдағы осы аталған клиникада осы жерде емделе алмайтыныма өкінемін!

Тырысамын, мүмкіндік болып жатса, Сіздерге келіп қаралуға. Рахмет!

Olessya Ismailova

Үздік дәрігер! Zoom жүйесі арқылы тістерді ағартуға ештеңе тең келмейді. Әсетжан Сізге бар жақсылықтарды тілеймін! Сіз үздіксіз! 

Шуғыла Бекбауова

Ең күшті дәрігер

Григорьев М.

Татьяна Викторовнаға ілтипаттылығы  мен жылы қолдары үшін алғысымды білдіремін!

Гауhар тәте

Клара әрқашан жылы шырайлы!

Кузьмин А

Ринат Асматбекұлы! Тісімді сақтап қалғаныңыз үшін алғысымды айтамын. 

Гүлденнің анасы

Дилбар Мұзапароваға балаларға жылылық танытып, еш ауыртусыз емдегені үшін алғысымды айтамын. 


Мадиярдың анасы

Марлен Маратұлының балаларды емдеуде төзімділік танытқаны үшін оларды сендіре алатын икемділік үшін алғыс білдіремін. 


Омарова А.

Дәрігер Мұратбек, сізге әдемі күлімсіреуіңіз үшін үлкен рахмет! 

Миронченко Л.

Тағы да сүйікті дәрігер Аман Садуақасұлына ілтипатыңыз үшін, Мейржан Елемесовке алтын қолдарыңыз үшін рахметімді айтамын.  


Руслан Седьмой

Менің дәрігерім @asetzhan83 мені жөніме келтіргісі келіп тұр! Барлықтарыңызға @rahat_clinic клиникасында қаралуларыңызды ұсынамын. Мұндағы білікті мамандар соңғы жаңа технологиямен жұмыс жасайды. zoom жүйесі арқылы тістерді ағарту тәсілі бар! Мекенжай: Алматы қ-сы, Абай, 58А, Манас к-сінің бұрышы, 6 қабат

Зарина Заирова

@asetzhan83 өте жақсы дәрігер, қызымның тістерін емдеді, өте жоғары деңгейде жасалып, бәрі сәтті өтті. 

Дәрігердің жақсылығы, ең бастысы, балаларға жақын.

@rahat_clinic –да емделуге қызым енді қорықпайтын болды. Енді біз тек @rahat_clinic-на қаламыз. @asetzhan83 сияқты дәрігерлердің әлі де болғаны қандай жақсы 

Janel Bakhytkyzy

Әсия өте ілтипатты,қайырымы мол дәрігер!

Маркелов

Рахат клиникасына рахметімді айтамын оның ішінде ерекше Қонысбек Ахмеджановқа қайырымдылығы үшін рахмет. Және медқызметкерлерге олардың шеберлігіне алғысым шексіз.

Бөлекбаева Ақмарал

Мен Нұрлытаудағы Лейла Аблякимовға тістерімді емдеттім.

Лейла Семғалиқызы алдымен тістерімді зер салып қарап тексерді. Ешқандай қауіпсіз және ауырлық тигізбей тістегі саңылауды бекітті (пломба) және тісті тегістеді. Осындай сапалы қызметке мен қатты риза болдым. Лейла Семиғалиқызы сонымен қатар тістерімді қалай күтуге болатынын одан соң әрі қарай емдеп біршама тістердің протездеу қажеттігін түсіндіріп кеңесін берді. Мен шын мәнінде риза болдым. 


Индира Арыстанова

Дәрігер Садықова Раушанға рахметімді айтқым келеді! 

Тісімнің солқылдап ауырған кезінде мен ол кісіге қаралдым. Дәрігер маған бәрін сауатты түсіндіріп кеңес беріп, тістерімді емдеді.  

Тіпті ауырту болған жоқ!!! Дәрігердің салмақтылығы мен байыптылығы маған қатты ұнады. 

P.s. тағы да маған кепілділік түбіртегін берді, белгілі тәртіппен. Мұндайларды бүгінде көптеген клиникалардан таппайсың!


Қымбат Смақова

Керемет дәрігер стоматолог-терапевт Лейла Аблякимовғаүлкен алғысымды білдіремін!

Жоғары біліктілік, әр адамға жеке арнайы қызметі мен таңданарлық жұмысы үшін. Өте талантты, қайырымы мол дәрігер.

Ем жүргізу рәсімін ауырлықсыз жүргізіп, әрі сәт сайын емделушінің әсерін анықтап байқайды. Осындай жауапты, көлемді жұмыста Сіздің ілтипатыңыз бен шыдамдылығыңызға рахмет! 


Раушан

Көптен тісім ауырды, әсіресе тәттілерге, бірнеше түрлі стоматологтерге екі рет емдеттім. Бірақ ауырғаны қайтып келе берді. Одан соң Павел Викторовичке түстім. Ол кісі маған тістің бүйірін де пломбылау қажеттігін айтты. Не керек менің тісімді емдеп берді. Одан басқа тағы екі тісті емдеттім. Қазір ас ішемін, тамақ жеймін. Сізге көп рахмет!


Әділ

Кеш жарық! Клиникадағы қызмет керемет, қызмет бағасы да көп жағдайда қонымды. Залина Межитқызы қабылдауда тиянақты бәрін түсіндірді, кеңестер беріп, ұсыныстар жасады. Түрлі сапарларға шығуыма байланысты Алматыдағы Сіздердің клиникаларыңызға әрдайым қаралуға келе алмайтыныма өкінішті-ақ! Ендігі уақытта мүмкіндігімше Сіздерге қаралуға тырысамын – Рахмет, Рахат!


Абай

Тіс мәселесіне қатыстыны ұната бермеймін, менде тіс шірігінің (кариес) мәселелері болды.

Мен Қанат Алпысбайұлының қолына түстім, барлық қорқынышым тарқады, тіпті қызықты әрі өте ілтипатты өтті.

Кімде-кімнің тіс мәселесі болса, осында келіңіздер дегенді ұсынамын. Барлықтарыңызға сәттілік пен жемісті еңбек тілеймін. Тісімді емдегендеріңізге, Рахмет!


Михаил Иржанов

Қайырлы күн!

Дәрігер стоматолог Павел Быстрицкиге сапалы қызметі үшін жағымды пікір қалдырғым келеді.

Мен тіптен екі рет тістеріме стоматологиялық көмек қажет болғандықтан Павелге қаралдым. Екеуінде де кәсіби тұрғыдан көңіл толарлықтай көмек алдым. Екі қаралуымда да мен ұқыпты, ілтипатты, адамға деген жанашырлыққа тән көмек алдым, сыпайылық адамның ең маңызды қасиеті, ол дәрігер жұмысының ең басты құралы.

Жоғары кәсіби біліктілігі мен емделушілеріне деген ықыласы үшін Павелге үлкен алғысымды білдіремін!

Алла

Сәлеметсіздер ме! Павел Викторович Быстрицкий жөнінде пікір қалдырғым келеді. 

Өзі ісін кәсіби тұрғыдан меңгерген Павел Викторович үздік стоматолог-дәрігер, әрқашан сапалы қызмет ұсынады. Екіншіден тартымды адам, стоматологиялық рәсімге келген адамға жеңілдікпен  ұшырасады. Ең үздік стоматолог дәрігер, сондықтан таныстарыма осында келуге ұсыныс жасаймын. 


Петр Костин

Павел Викторович өз ісін кәсіби тұрғыдан терең меңгерген өте жақсы дәрігер. Әрқашан жылы ұшырап, қай кезде де кеңес беруге әзір,жақсылығы мол адам!


Юлия Добровольская

Сіздердің ұжымдарыңыздағы стоматолог Павел Быстрицкийді ерекше атағым келеді.Әрқашан осы дәрігерге жазыламын. Сапалы емнен кейін, профилактикалық қарауды дәстүрге ендірген. Және де әрдайым достарыма, ұжымдас әріптестеріме ұсынамын олар да әрқашан ризашылығын айтады. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз үшін, рахмет!

Сагинбек Шункеев

Қайырлы күн! Павел Быстрицкий – біздің жанұямыздың стоматологы болғанына 10 жыл.

Әрқашан емдеуді қалай қолға алу керектігін біліп, сауатты шешім ұсынып, оны шеберлікпен орындайды. Тек, жай емдеп қана қоя салмайды, ол емделушінің саулығы үшін саналылықпен қызмет көрсетеді. Барлық емдеу шаралары түгелдей ауырлықсыз өтеді.

Азарова Татьяна

2008 жылдың мамыр айында, түн ішінде тісім қатты ауырып, ауырған тісті жұлдыру үшін Eurodent клиникасына келдім. Менің Павел Викторовичпен таныстығым осы жерден басталды. Дәрігер өз шешімін ұсынып, аталған тісті жұлмай емдеу қажеттігіне шешім жасады. Тіс ұзақ емделді, ал маған әрдайым ұшу қажет еді. Арада уақыт өткен соң тағы маған дәрігердің кеңесі қажет болды, мен тағы да ойланбастан осы кісіге келдім. Содан 2008 жылдан бастап Павел Быстрицкий біздің жанұямыздың стоматологы, кеңесшісі. Біз дәрігерімізді кәсіби шеберлігі үшін бағалап, құрметтейміз!


Айжан

Құрметті Гүлназ Амангелдіқызы Сізді құттықтай отырып, Сізге әрқашан алғыс айтқымыз келеді. Біздің жанұямыздың барлығы сізде көптен бері емделіп келеді. Біз сіздің кәсіби шынайы шеберлігіңізге сенім артамыз. Біз Сізді сүйеміз!  

Лемещенко Ольга

Саламатсызба!

Быстрицкий Павел Викторовичке кәсібилілігі мен емделушілеріне деген ілтипатты қатынасы үшін алғысымды білдіремін.  

Сыпайлық пен ұқыптылық жылы қатынасты ұмытылмастай есте қалдырады. Рахат стоматологиялық қызметін көптен бері пайдаланып келемін, ал дәрігер Быстрицкий Павел Викторовичті таңдауым ол дәрігердің бірегей екендігін көрсетеді.

Шексіз рахмет!

Азамат Сарлыбаев

Наурызбаев Қанат Алпысбайұлына менің аяғы ауыр жарымның босанатын уақыты таяп қалғанда тісін емдеп жазып бергеніңізге рахмет айтамын. Қанат Алпысбайұлы ешқандай ауырлықсыз, айы-күнінен бұрын босануға еш жақындатпай, еш қауіпсіз емдегеніңіз үшін! Рахмет Сізге!  

Галия

Шынайы көңілден дәрігер Марлен Маратұлы мен ортопед Кеңесбек Ахмедиярұлына сыпайы қатынас пен ұқыптылық және қызмет көрсетудің жоғары біліктілігі үшін алғысымды білдіремін! 

Венера

Дәрігер Марлен Маратұлына үлкен алғысымды білдіремін! Іскерлік қатынас, жайлы ниет, ең бастысы кәсібилік!

Дәрігер Марлен мен ассисенті "Рахат" клиникасының дәрежесі! Көп рахмет!

Альфия

Қайырлы күн!

Ғафу етемін, менің пікірімді қабылдаңыздаршы!

Павел Викторовичке, емделушіге дұрыс қатынас жасап, сапалы ем жүргізіп, стоматологиялық емдеу барысында шеберлік таныта білгені үшін орасан зор алғысымды білдіремін!

Алмат Ерешев

Қайырлы күн!

Менің атым Алмат мен сіздерге азу тісімнің қатты ауырғанынан келдім. Мені Қанат Алпысбайұлы қабылдады. Бұған дейін мен стоматологта болмаған едім, мен шын мәнінде барғым келмеді, бірақ тістің қатты солқылдап ауыртқаны амалсыз алып келді. 

Қанат Алпысбайұлының сыпайы, қайырымды қабылдауы менің қорқынышымды жойды. Күлімдеп қарыс алып, қосымша жылы қарым-қатынас жасауымен, асықпай әрекет етуімен менің қақсаған тісімді емдеп жазды. Мен тіпті, аурудан құтылып,оны ұмытып кеттім.

Нәтижесінде: Тіс емінде дантистерден жоғары ештеңе жоқ. Келесі күні мен тісім жазылғанда өзімді өте жеңіл сезіндім.Енді мен достарым мен әріптестеріме,туыстарыма тек сіздерді ұсынамын. Сіздердің клиникаларыңыздың гүлденуіне тілектеспін! Еңбектеріңізге үлкен рахмет!


Люция

Дәрігер С.Д. Төлемісовті Медицина күнімен құттықтаймын!

Сіздің жоғары біліктілігіңіз үшін Сізге басымды иіп, ризашылығымды білдіремін!


Қымбатты Рахат клиникасының қызметкерлері! Сіздерді шын көңілден Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Қиын да жауапты еңбектеріңізге сәттілік, төзімділік одан соң ең бастысы Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық тілеймін!

Чайковский-Маметовадағы клиника ұжымына ерекше алғыс айтамын! 

Арнайы Гүлнар Мырзағалиқызына, Ешов Ербол Зарлықұлына, Садықова Раушан Маратқызына, Тимур Қуатбекұлына Сіздерге ұқыптылық пен білгірлік танытқандарыңызға Рахмет!

Мақсат Малғораев

Салтай Айдаров үздік балалар стоматологы. Біздің балаларымыз Сізге мерекеге келгендей болады. Ал бұрын басқа жердегі тіс дәрігері десе, оттан қашқандай қорқатын! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! 

Рахат стоматогтары Сіздер ең үздігісіздер! Кең байтақ Қазақстанды айналып біз жанұямызбен Сіздерге ұшып келеміз! Сіздер Батыс Қазақстанда қашан орталықтарыңызды ашасыздар? РАХМЕТ! Мерекелеріңізбен! Гүлназ Амангелдіқызы, Сізге шығармашылық табыс тілейміз!

Дмитрий Телюк

Мен 43-мін. Соңғы жылдары тістерімді тек, Павел Быстрицкийге емдетіп жүрмін.

Өз өмірімде қарым қатынастың үлкен тәжірибесінде, талай рет дәрігерлік қатынаста, дәл Павелдей дәрігер-стоматолгты көрмедім олар жөнінде айта да алмаймын.

Заляднов Владимир

Қайырлы күн!

Павел Быстрицкий жөнінде пікірімді қалдырғым келеді. 

Мен 10 жылдан бері осы дәрігердің емделушісімін. Осы жылдардан бері көрсеткен қызметінен дәрігер ретінде жоғары біліктілікті, төзімділікті әрі қайырымды қатынасты, адамилықты көрдім.  Бұрынғы кеңес қоғамында қалыптасқан ауырлық пен қорқынышты мен Павелден көрген жоқпын.

Өз жұмысын байқампаздықпен әрі жылдам атқарады. Оның байыптылығы мен төзімділігі, кеңес беріп, демегеніне, жоғары кәсібилігі мен шынайы көмек қолын созғандығы үшін ризамын.


Владимир Вельд

Павел Быстрицкий жөнінде алдымен ол кісі өз жұмысын біледі және оны жоғары деңгейде орындайды. Ол өз емделушілеріне өте ұқыпты қарайды. Кімде-кім Павелге келіп қаралса,бірден  сенімін артысын, өйткені ем дер кезінде қабылданып, сапалы түрде орындалатыны айдан анық.

Мен өзімнің стоматологиялық мәселемді тек, сізге тапсырамын!. 

Ақмарал Әбілтайқызы

Сәлеметсіздер ме! 

Стоматолог – терапевт Павел Быстрицкий жөнінде пікірімді қалдырғым келеді. 

Мен ол кісімен 8 жыл бұрын жолдасымның тісін емдеткенде таныстым. Өз ісін терең игеруімен, сыпайылығымен, ұқыптылығымен, бізге бірден ұнады. Аты бас әріптермен жазылатын адам. Ол кісі, тек, біздің ғана жанұялық дәрігеріміз ғана емес сонымен қатар достарымыз мен таныстарымыздың стоматологы. Тіпті, біз ол кісімен достасып кеттік. Біздің барлық таныстарымыз Павелдің қызметіне дән риза. Стоматолог ретінде біз сенім артамыз.


Гүлнар

Павел Викторовичпен таныстығыма 10 жыл уақыт болыпты. Осы жылдар бойы дәрігер, тек, жақсы қырынан ғана танылды деп айтқым келеді. Дәрігер – ықыласты, интелекті, сауатты, өз ісінің білгірі, әрдайым емделушісін ұқыпты тыңдай білуі керек, сонда ғана осындай биік кәсібилікке ие болатыны анық. Жоғары деңгейлі кәсіби шебер.


Алипбаева Дария

Құрметті  Гүлназ Амангелдіқызы! 

Сізді шынайы көңілден Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Сізге мықты денсаулық, отбасылық бақыт,енбегіңізге табыс тілеймін! Мен және менің отбасым 15 жылдан бері сіздің нәзік ықласыңыз бен кәсіби шеберлігіңіздің арқасында сізден кеңес алып, емделіп келеміз, сондықтан сізге ризашылығымызды білдіреміз.

Сонымен қатар Сіздердің барлық ұжымдарыңызды келе жатқан Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! 

Жұмабаевтар жанұясы

Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Сіздердің өмірлеріңіз дәрігер халатындай аппақ, сәулелі болсын!

Рахмет, бізде Сіздің барлығыңызға, Гүлназ Амангелдіқызы! 


Жансая Хамит

Гүлназ Амангелдіқызы сізді кәсіби мерекеңізбен құттықтаймыз! 

Сіздің кәсіби біліктілігіңіздің арқасында қаншама балалар тіс ауруынан емделу қаншалықты қиын екенін сезсе, соның бәрі біздің балаларымыз! Сіз оларға шаттық сыйладыңыз!

Сізге деген алғысым шексіз!

Айтуарова Гульнур

Пол года назад лечила зубы у вас в клинике. Лечил меня Ахметов Кайрат. Учитывая что я очень боюсь стоматологов, могу сказать что он стоматолог от бога. Кайрат профессионал своего дела. Очень грамотный, вежливый врач. Рада что у нас в Казахстане можно доверять молодым специалистам)

Әйгерім Қанатбек

Қайырлы күн!

Менің атым Әйгерім. Мен Рахат клиникасының емделушісімін. 

Ғажайып дәрігер Павел Быстрицкий жөнінде пікірімді қалдырғым келеді. Павел Викторович сыпайы, ілтипатты өз ісінің үлкен шебері.

Біздің стоматологиядағы әрбір кездесуіміз қызықты әрі тез өтеді. Былай қарағанда қорқынышты- ақ. Бәріміз тіс емдеуден қорқамыз. Бірақ Павел Викторовичпен тез әрі жеңіл.Мен ол кісіге сенім артамын. Ол кісінің кабинетінен денің сау болып шығады. Павел Викторович сізге үлкен рахмет!


Миронченко Л.

Татьяна Викторовна ықыласыңыз бен қайырымдылығыңызға мың алғыс айтамын!

- Бізге жылылық танытып, көңілді қарсы алатын әкімшілікке рахмет!

Айгүл Өтешева

Сәлеметсіздер ме!

Мен  өзімді емдеген Рахат клиникасының дәрігері жөнінде пікір қалдырғым келеді.

Көп жылдардан бері мен қажеттілік жағдайда дәрігер Павел Викторовичтің қабылдауына жазыламын. Осыдан 5 жыл бұрын әріптесім ұсыныс жасаған болатын, соңында мен таңдау жасадым.  Дәрігер кәсібилігі жөнінде айтар сөз көп, менің басымнан өткен бір-екі дерекке тоқталайын. Аяғым ауырлай бастағанда тістерім үгітіле бастады. Павел Викторовичтің жеңіл қолының арқасында мен Вектор аппаратының көмегімен тістерімнің түбірі қатайтылып, іштегі сәбиге әсер еткізбей тістерімді емдеп, мен босанған уақытқа  еш қиындықсыз, ауруды сезінбей  жеттім. Ал міне жарты жыл уақыт біз бір тісім үшін күресудеміз. Ол алдымен босады, баламен отырып көп дер кезінде ем ала алмадым. Ал қазір тісім бүтін, ең бастысы өзімдікі. Әр келген сайын толық қанды кәсібилікті көріп,өзіме жағымды қуат аламын.

Осындай тартымды қызметкерлерді штатта ұстай білгендеріңізге, рахмет! 


Әсем

Мен дәрігер Павел Викторович Быстрицкийдің емделушісімін.

Осы жылдар ішіде Павел сапалы кеңес пен 5 тісіме терапевтік емдеу жүргізді. Сонымен қатар қосымша хирург пен ортдонтты тартып, емдеді. Тістерімді Павел Викторовичке емдеткен соң, ешқандай қиындық тумай, қабынусыз болмай күрделі мәселеден арылдым.  

Павел Викторович рахмет, сізге көп рахмет, еңбегіңіз жемісті болсын!

Полина

Сәлеметсіздер ме! Хаджиев Әлібек Нұрболатұлына жоғары біліктілігі мен емделушілерге ықыласы үшін, сондай-ақ көңіліңді көтеріп әзілге де бөлегені үшін алғыс айтқым келеді. 

Клиникаға осындай керемет мамандарды – өз ісінің шеберлерін қызметке алғаны үшін рахмет!


Сабина

Сәлеметсіздер ме! "Рахат" клиникасына алғысымды білдіргім келеді, оның ішінде стоматолог-ортодонт Дөненбаева Әлия Темірболатқызына ерекше рахмет! Менде тістердің тістелуі дұрыс болмады. Оны жөндеуге көптен шешім қабылдай алмадым. Ол жолда қаладағы көптеген емханаларға барып шықтым. Бірақ дегенмен аты аталған маман ғана менің жағдайымның дұрыс жолын таңдап шеше алды. Мен қазір 6 айдан бері брекет салып жүрмін, нәтижесіне қуаныштымын!


Ермұханова Г.Т.

Құрметті Отандастар! Рахат клиникасының қызметкерлері мен емделушілері! Халыққа жария ете отырып, ҚазҰМУ–нің Стоматология институты атынан М.К. Төлемісов мырзаға осы институт факультетінің  сенімді түлегі ретінде алғыс айтамын! Махан Кенжеғазиұлы өз тарапынан факультетке бірнеше рет көмек қолын созды. Балалар жасындағы стоматология кафедрасын бетке ұстай отырып, оқу процесінде бірнеше рет ғылыми конференциялар өткізді. Махан Кенжеғазиұлына Рахатты алға тартуға сәттілік тілеп, тек, қана алға деймін! Махаң, мен Сізге Денсаулық тілеймін!

Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т. Ермұханова


Белгісіз жан

Д. Г. Көпешов мырзаға үлкен рахмет! Бір ай бойы өзімді ақылды тісімді жұлдыруға дайындадым. Бармаған стоматологиям қалмады. Рахатқа келіп тоқтатым, қателеспедім дәл таптым. Дегенмен жас ерекшелігі мен тәжірибенің маңызы бар. Барлығына осы кісіге баруды ұсынамын. 


Владимир

Дәрігер-терапевт Димаш Ғазизұлы Көпешов мырзаға кәсіби қарым-қатынасы мен менің тіс қызылиегіндегі мәселемді шешкені үшін алғыс айтамын. Рахмет, Сізге! Ұзақ жасаңыз! Осындай ғажайып дәрігерлер көп болсын! 

Белгісіз

Сәлеметсіздер ме! Әлібек Нұрболатұлы Хаджиевке жоғары біліктілігі мен емделушілерге деген ықыласына, сондай-ақ көңіл көтеретін әзіліне алғыс айтқым келеді. 

Клиникаға осындай керемет мамандарды – өз ісінің шеберлерін қызметке алғаны үшін рахмет!


Мусина А.А. и Мусина И.Т.

Оразбаева Жанна Сағындыққызына аса ризашылығымды білдіремін. Сыпайы, ықыласты ең бастысы сауатты дәрігер өз аяғымен  УЗИ-ге әкеледі. Рахмет! Осындай сауатты мамандар көп болғай!

Г.С.Көркебаева

Рахат медорталығының қызметкері Жанна Сағындыққызы мен Сара Сейілқызына алғысымды білдіремін! Тескерістен өттім. Олардың емделушіге деген қамқорлығы мен қарым-қатынасы ұнады. Өте сауатты әрі ықыласты қызметкерлер.

Арай

Мирзадинов Арман Рашидұлына үлкен алғысымды білдіремін!

Жоғары білікті шебер! Алтын қолды! Барлығына ұсынамын!


Андрей

Он бес жыл бойы тісімді емдетуге қорқып жүрдім. Жұбайымның берген пікірінен соң, келуге шешім қабылдадым.Рахат стоматологиясындағы кәсібилік пен емделушілерге деген көзқарастарына қатты риза болып қалдым. Бұнда өз ісін білетін ғажайып, жай сөзбен айтқанда жақсы стоматологтар қызмет атқарады. Енді достарым мен әріптестеріме, таныстарыма осында келіп емделулеріне ұсныс айтамын. 

Дмитрий

Өте жақсы клиника, мұнда, тек, үздік дәрігерлер емдеп, жоғары қызмет көрсетеді. Рахмет, Сіздерге!

Amina Turganbaeva

Сүйікті дәрігерім Төлебаева Сымбат Болатқызы! Сізге ұзақ өмір тілеймін! Біздің құтқарушымыз! Менің барша жанұям мен таныстарым енді Сізде! 



Достарыңызға хабар беріңіз:
10 айға дейін
пайызсыз бен үстем ақысыз
бөліп төлеп емделу!
«Рахат» стоматологиялық клиникалардың
желісін кеңейтуімен байланысты: